Мәдениет саласының қызметкерлері тегін азық-түлік таратты
Мәдениет саласының қызметкерлері тегін азық-түлік таратты
181
оқылды
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Алатау ауданының қолдауымен көпбалалы аналар мен әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Бұл шараға Наурызбай ауданының еріктілері жұмылдырылды. «Барлық азық-түліктер жеткілікті мөлшерде берілді. Май, сүтімізден бастап барлық қажетті дүниелердің барлығы бар. Карантин уақытында осындай көмек бізге дер кезінде жетті. Ұйымдастырушыларға шынайы рақметімді айтамын», – дейді көпбалалы ана Алтынай Беймырзанова. Қазіргі таңда Алатау ауданының 20 жанұясы азық-түлікпен қамтылып отыр. 25 келіні құрайтын азық-түлік қорабында ұн, шай, күріш, сұйық май және т.б өнімдер бар. Айта кетейік Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен, аталған сала қызметкерлерінің ат салысуымен «Мөлдір» қайырымдылық қоры құрылған болатын. Әлемді жайлаған пандемия кезеңіндегі сындарлы шақта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу мақсатында құрылған «Мөлдір» қайырымдылық қоры осымен игі шараның екінші легін жалғап отыр. Бұл жолғы шараға, мәдениет және спорт министірлігінің қызметкерлері мүмкіндігінше өз есептерінен қаржы қосып отыр. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Тегін медициналық қорғаныс құралдарын тігіп, оны қаладағы ауруханаларға таратуды да көздеп отыр. «Мөлдір» қорына мәдениет, спорт, туризм саласына қатысы бар азаматтар әлі де қаражат жинауда. Мәдениет (2)