Жаңа реформаларға жол ашты
Жаңа реформаларға жол ашты
181
оқылды
Қазақстанда реформа жөніндегі жеке агенттік құрылуы мүмкін. Ал Үкімет қызметі «қайта жандандыруды» бастан кешпек. Бұл жөнінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Жиында еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, осы жылға жаңа міндеттер белгіленді. Бүгінде Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұ­ғыр­на­масының негізгі міндеттері іске асы­рылуда. – Бұл еліміздің орнықты дамуына, хал­қымыздың әл-ауқатының артуына зор сер­пін береді. Басты мақсат – қолдағы бар мүмкіндіктерді толық пайдалану, – деді отырысты ашқан Президент. Алдымен баяндама жасаған Үкімет бас­шысы Асқар Маминнің мәліметінше, 2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5% құрады. Негізгі кап­италға құйылған инвестициялар 8,5%, ал жеке инвестициялар 9,5%-ға ұлғай­ды. Былтыр шамамен 25 млрд дол­лар тікелей шетелдік инвестиция тар­тылған, оның 58%-ы – тау-кен жә­не мұнай өндірісіне, тек 14%-ы – өң­деу саласына, қалған 12%-ы – сауда сек­торына салынды. Инфляция Үкімет бел­­­гілеген 4-6% шегінен шықпады: жыл қо­рытындысында 5,4% болды. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Тап­сырмаларыңызды орындау аясында Үкіметтің 2020 жылғы жұмысының не­гіз­гі мақсаты – экономика өсімін 4,7-5% деңгейінде қамтамасыз ету бол­мақ. Сонымен бірге, Үкіметтің алдын­да 430 мың жаңа жұмыс орнын құру, ин­вес­тициялар көлемін ЖІӨ-нің 20%-ы деңгейіне жеткізу, шикізаттық емес экспортты 18,6 млрд доллардан асыру, ха­лықтың нақты табысын 6% арт­тыру мін­деті тұр. Шағын және орта биз­нес­тің экономикадағы үлесі 30% дейін ұлғай­ты­ла­ды. 15 миллион шаршы метр тұр­ғын үй са­лынады, – деп уәде етті Асқар Мамин. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев та өткен жылы инфляция 5,4% бо­лып, ны­саналы дәлізде сақталғанын қуа­на жет­кізді. – Нан-тоқаш өнімдері мен жар­ма ба­­ғасының 16,1%, ет және ет өнім­де­­­­рі­нің 13,2% өсуінен азық-түлік тауар­­лары 9,6%-ға қымбаттады және ин­фля­цияға ең көп үлес қосты. Азық-тү­лік­ке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі қалыпты, – деді Е.Досаев. Алайда биік лауазымды тұл­ғалардың бұл қуанышы іле-шала су сепкендей басылды. Мем­лекет басшысы экономи­ка­лық даму­дың сапасына қатысты біраз түйт­кіл барын жеткізді.  width= – Ресурстық әлеует пен бюд­жеттік шығындар сол бұрын­ғы­дай өсімнің қозғаушы күші бо­лып қалуда. Экономиканы не­сие­лендіру стагнацияға ұшы­рады: 2019 жылдың 11 айында ЖІӨ-ге шаққандағы қарыз порт­фелінің көлемі 23-тен 22 пайызға дейін төмендеді. Былтырғы жы­лы біз, өкінішке қарай, Еура­зия­лық одақ­та инфляцияның дең­гейі, яғни қымбатшылық бо­йынша чем­­пион атандық, – деді Қ.Тоқаев. Ол шикізаттық емес экспорт үлесінің артуын мардымсыз деді. – Елбасы қойған стратегия­лық мақсаттарға міндетті түрде қол жеткізуіміз керек. Бірақ Үкі­меттің оған жету бойынша тә­сілдерін қайта жүктейтін (пере­загрузка) кез келді. Реформа­лар­ды іске асыру қарқыны бәсең­дегенін ашық мойындауға тиіс­піз. Сондықтан ел экономикасын терең, бәлкім, радикалды рефор­малаудың бағдарламасы әзір­ленуі тиіс. Бізге жаңа экономи­калық бағыт қажет! Ол басты проблемаларды нақты көрсетіп, оларды шешу әдістерін нұсқай­ды. Реформа мықты ерік-жігер мен батылдықты талап етпек. Үкімет осы қасиетті көрсетеді деп үміттенемін. Басқа жол жоқ. Өйткені уақытымыз да жоқ, – деді Қ.Тоқаев. Президенттің байламынша, әзірге мемлекеттік аппарат әр­түр­лі нормативтік актілерге жал­тақтап, ведомствоаралық келі­сімдерге уақыт жоғалтып, негіз­гі шешімдерді баяу қабылдап жатыр. – Халықаралық бәсекелес­тік қатаң сипат алған және халық әділетті талаптарын қойып отыр­ған қазіргі жағдайда енді бұлай жұмыс істеуге болмайды. Мұндай реформаларды тізеге сала оты­рып өткізуге тура келеді. Прези­дент бәрінің үстінен қадағалап, әр шенеунікті жұмысын жылдам әрі сапалы орындауға мәжбүрлеп отыра алмайды. Тіпті Премьер-Министр де мұндай режимде жұ­мыс істемеуі керек. Оның ал­дында мүлдем басқа міндеттер бар. Ендеше мемаппараттың өзі тиімді әрі ұтқыр жұмыс жүргізуі тиіс. Тек сонда ғана біз мемлекет алдындағы стратегиялық маңыз­ды мақсаттарға жете аламыз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ол мақсаттар қатарында жүз­деген мың жаңа жұмыс орын­дарын ашу, жақсы жалақыны қамтамасыз ету, сол арқылы қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру аталды. – Айқын мақсаттар, түсінікті міндеттер, олардың толық орын­далуы экономикалық өсімнің жа­­ңа сапасына қол жеткізуге мүм­к­індік береді. Сол себепті бі­рың­ғай бағдарламалық құжат­ты әзір­леу қажет. Оның көлемі мей­лінше қысқа, ал мазмұны терең болуы тиіс. Ол Үкіметтің орта мер­зімді кезеңдегі жұмыс жоспа­рына ай­налады. Аталған құжатты Үкімет, Президент Әкім­шілігі, «Ата­ме­кен» палатасы биылғы 15 ма­мыр­да дайын етуі керек. Шай­қалып-найқалып жү­руге уақыт жоқ, – деді Мемлекет басшысы. Ол қолға алынатын реформа­лардың бақылауы әлсіз болуы мүмкін екенін ескертті. Өйткені атқарушы билік реформаларды өзі даярлайды, өзі жүзеге асы­рады және өз жұмысының сапа­сын өзі бағалайды. Қ.Тоқаев бұл тәсіл өзгеретінін мәлімдеді.  width= – Президент Әкімшілігі жа­ны­нан Әлеуметтік-экономика­лық реформаларға мониторинг және талдау жүргізу орталығын құруды тапсырамын. Орталық қоғамдық негізде жұмыс істейді. Яғни, ешқандай бюджеттік шы­ғын шығарылмайды. Орталық құ­рамына әкімшілік қызмет­кер­лері сыртында, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкіл­дері кіреді. Бұл институт дами ке­ле, болашақта Президент жа­нын­дағы Реформалар жөніндегі агенттік болып қайта құрылуы мүмкін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол шенеуніктердің нәтижеге бағдарлануы керегін баса айтты. – Жалаң жасампаздық-креа­тивке елігу, елге еш пайда әкелмес жарқын жобалармен әуес­тену, кез келген тәсіл­мен жылдам жеңіске жету так­тикасы секілді кең таралған кесір құ­былыстарға жүйелі түрде тос­қауыл қою қажет. Өмір көрсет­кендей, мұндай жеңістер көз­бояу­шылық болып шығады және қымбатқа түседі. Одан статис­тикаға нұқсан келеді, бюджеттік қаражаттар тиімсіз жұмсалады, қажетсіз зауыттар ашыла сала, жұмыссыз қаңтарылып тұрып қалады, инфрақұрылым пайда­ланылмайды, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қазақстан Пре­зиденті шенділерге жаңа көлік пен жиһаз алуға тыйым салып тастады. – Еш қиналыссыз кейінге қал­дыруға болатын шығындарды анықтауымыз керек. Алғашқы шара ретінде құны қымбат авто­көлік және жиһаз сатып алуға, сантүрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге ұзақмерзімді мораторий жария­лауды ұсынамын. Ысырапшы­л­дыққа жол бермеу керек. Шы­ғыс­тар орынды болуы қажет. Бөлінген қаражат елдің мүддесіне қызмет етсін, – деді Қасым-Жо­март Тоқаев. Мемлекет басшысы Үкіметке ква­зимемлекеттік сектор қызме­тін ретке келтіруді жүктеді. Бұл са­лада біраз былық қордаланған, ол әшкере болған сайын қоғам­ның наразылығын өршітеді. Ай­талық, 2007-2018 жылдар ара­лы­ғында мемлекет холдингтерге жал­пы алғанда 7 триллион тең­геден астам қаржы шығындаған. – Бұл – ғаламат қаржы. Де­мек, ел оның ауыз толтырып ай­тарлықтай қайтарымын көруі қажет. Есеп комитетінің талдауы нәтижесінде бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Олар бірінің қызметін бірі қайталайды, құрылымы мен штаты шектен тыс ұлғайып кеткен. Мысалы, «Бәйтерек» холдингі 63 ұйымнан тұрады. «ҚазАгро» 2 мыңдай қыз­меткері бар 3 еншілес кә­сіпо­рынға ие. «Бәйтеректің» әкім­шілік шығыстары 54 млрд тең­геден асып кетті. Оның 24 мил­лиардын тек жалақыға шығын­дайды. Мен «Бәйтерек» басшы­лығының холдингті ре­форма­лау­ға деген күш-жігерін байқа­май отырмын. Ұқсас проб­лемалар ква­зимемсектордың өзге ком­панияларында да кез­деседі. Бі­рін-бірі қайталайтын, басы ар­тық компанияларды жою бо­йын­ша шұғыл шаралар қабылдау ке­рек, – деп тапсырды Президент. Жалпы, барлық министрлер, әкімдер шақырылған осы үлкен құрылтай қарсаңында бірқатар сарапшылар Үкіметтің отстав­каға кететіні туралы болжам айт­қан. Бірақ Мемлекет басшысы қазіргі Үкіметке риза екенін анық білдірді және «жақсы» деген баға берді. – Жалпы, елдегі макроэконо­микалық ахуал тұрақты. Біз әлем­дік даму қарқынынан қа­лыс­пай, елді өркендетіп келеміз. Үкімет жоспарлаған макрокөр­сет­кіштердің бәріне қол жеткізді. Бірқатар маңызды бағдарлама қабылданды. Сайлауалды бағдар­ламаны және Жолдауымды жүзеге асыру жолында Парла­мент пен Үкімет үйлесімді жұмыс атқарып жатыр. Үкімет Прези­дент тапсырмаларының орын­далуын қамтамасыз етіп отыр деуге болады. Бұл – жақсы! – деп түйді Қасым-Жомарт Тоқаев.   Айхан ШӘРІП