Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Өзін жыртып тастады…

«Айқын» ақпарат
Шілде 31, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
xiryrg
7
қаралым

– Жыртылып кетті!

– Жыртық, жыртық!

– Жыртылайын деп жатыр!

Дәрігерлердің жалақысы өсті

– Жыртыла…

Түркістан облысы, Келес ау­да­ны, Абай ауылындағы ауру­ха­наның хирургі Қайрат Сейдуә­лиев медициналық резеңке қол­ғаптарды кие бергені сол еді, «тырррық» етіп, тағы жыртылды. Ол мейірбикеге қарады.

– Жыртылды ма?

– Ия, ағай, тағы жыртылды.

– Тағы жыртайын ба?

– Қойыңызшы ағай, қаншауы жыртылып кетті!

– Сен киіп көрші? Қолың ма­ған қарағанада кішкентай ғой?

Мейірбике қолғапты киіп жат­ты. Көздерінде қорқыныш. «Тыррррық» деп жыртыла кетсе, қашып кетердей болып тұр, бір кезде қолғаптың алақан тұсы «ыр­жиып күлді». Демек, жыртылды.

– Өлә ағай, айырылып кетті.

– Айттым ғой саған, жыр­ты­лады деп…

– Сапасыз дүниелер екен де?

– Осыны айтсақ, басшылыққа жақпаймыз.

– Енді қолымызға не киеміз? Короновирус өршіп тұрғанда…

– Қолымызға салафан орап алайық?

– Қойыңызшы, ұят қой?

– Ойнап айтам.

– Үйге қайтам.

– Е?

– Ағамының құрылысқа кие­тін қалың резеңке қолғабы бар еді.

– Болмайды!

Қайраттың мына сапасыз қол­ғаптарға қарны ашқаны сон­шалық, әлеуметтік желідегі фейс­букке сапасыз қолғаптар туралы түсірілген бейнені салып жіберді. Жастар тілімен айтсақ, «фейс­букты жыртты». Сол екен, бас дә­рігер Айда Бексұлтанқызы хи­рургтың өзін «жыртты». Ашығын айтсақ, Қайрат Сейдуәлиевті жұмыстан шығару жөніндегі бұйрыққа иректете қолын қойды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Жеті жыл бойы ауруханада қабылдау бөлімінде меңгерушілік еткен дәрігер «Дипломмен ауыл­ға» бағдарламасы бойынша жұ­мысқа орналасқанда, резеңке қолғаптарды жыртып отырамын деп ойламаған еді. Ал, Абай ауруханасының бас дәрігері Айда Бексұлтанқызы медициналық қолғаптардың сапасыз екенін әшкерелеген хирургті жала жап­ты, яғни «қара күйені» жақсы көреді деп отыр. Ол аз десеңіз, хирургті жеңілтек, әріптестерімен қарым-қатынасы нашар деп айып­тайды. «Абай ауруханасының хирургі қызметін атқарған Сей­дулиев Қайрат Әкімқожаұлы тез ашуланғыш дәрігер. Осы жылдың ақпан айында тәртіптік ескерту сыйласақ, 30 наурыз күні науқас­тың шағымы бойынша қабылдау бөлімі меңгерушісі қызметінен хирург дәрігер қызметіне сырғыта салдық. Енді келіп, медициналық резеңке қолғап туралы жалған мә­лімет таратқан. Өйткені, қол­ғап туралы емхананың басшылы­ғына, аға мейірбикеге өтінім бер­меген. Жеңілтек мінезімен ви­део түсіріп әлеуметтік желіге са­лып жіберген. Денсаулық сақ­тау министрлігі бас санитария­лық дәрігерінің медициналық ме­кемелерде аудио, видео жазба­ла­рына тыйым салынсын деген қатаң ескертуіне елең етпеген. Осы жіберілген кемшіліктерді не­гізге ала отырып, жеке еңбек дауларын қарау комиссиясының бір ауыздан қабылдаған ше­ші­мі­мен жұмыстан шығарыл­ды», – дейді бас дәрігер Айда Бек­сұл­танқызы. «Жұмы­сынан жыр­тыл­ған» хирург дәрігер өз іс-әрекеті үшін жұмыстан босатылуы­ның қанша­лықты заңды екенін біл­мей, шақ­ша­дай басы шарадай, миы мипалау болып кет­кен… «Пре­зи­дентіміз Қ­асым-Жо­март Тоқаев­тың «Тың­дайтын үкі­мет», «ха­лықты тыңдаң­дар, ме­ди­­цина­лық меке­мелер­дегі былықтарды жо­йың­дар, айтыңдар» де­­геніне мен Келес аудан­дық Абай ауру­хана­сын­дағы мамандандырылған емхана­ның хирург бөлме­сінде ауру­хана басшылығы тарапынан бе­рілген сапасы жағынан өте төмен бір реттік стерильді емес қол­ғаптарды видеоға түсіріп, фейсбук желісіне салғаным сол еді, бас дәрігер А.Бексұлтано­ваның 30 мау­сым күнгі бұйры­ғымен жұмыс­тан шығарылдым. Мұның қанша­лық­ты заңды еке­нін өзім түсінбей отырмын», – дейді Сейдуәлиев. Кім­дікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Бәлкім, бас дә­рігердің уәждері ақиқат болар? Бәлкім, хирург дәрігер шындықты шырылдатып айтқан болар? Мынадай коро­новирус күшейіп тұрғанда, ма­мандарды «жыртып тастау да», қаншалықты заңды?

 

Жебе САДАҚҰЛЫ

 

 

 
Тегтер: жыртып тастадыҚайрат Сейдуәлиевмейірбикерезеңке қолғапхирургі
Алдыңғы жаңалық

Қашып келеді, қашып келеді…

Келесі жаңалық

Жайпап барады!

Ұқсас жаңалықтар

Дамир Дәуітов, Алматы, тергеу изоляторы,
Жаңалықтар

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 2021
пневмония, ауру, адам өлімі
Жаңалықтар

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 2021
ҚазАгро, Бәйтерек, холдинг, Жолдау
Жаңалықтар

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 2021
Алғыс айту күні, Қасым-Жомарт Тоқаев, бірлік
Жаңалықтар

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 09:58

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 09:38

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 09:27

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 09:06

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 08:32

Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

Наурыз 1, 08:25

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 1, 08:09
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Дамир Дәуітов, Алматы, тергеу изоляторы,

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 2021
пневмония, ауру, адам өлімі

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»