Осы кезең ішінде ҚПО экспортқа шығатын шикі газ және отын ретінде пайдаланатын тазартылған газ, сұйық көмірсутектің тұрақты және тұрақсыз түріндегі мұнай эквивалентінің 75 миллионнан астам баррелін өндірді. Қосымша 5 млрд текше метр қабатқа өндірілген газдың жалпы көлемінің 49,3%-ын құрайтын шикі газ жіберілді. Қазіргі кезде кен орнын пайдалануға Қарашығанақ серіктестері 26,6 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Коронавирус пандемиясының кесірінен одан ары бәсеңсуіне қарамастан, компания өндіріс нысандары 2020 жылға жоспарланған барлық өндіру және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып пайдалануда. ҚПО Бас директоры Эдвин Блом: «ҚПО 2020 жылға бекітілген Жұмыс бағдарламасы мен бюджетіне сәйкес сұйық көмірсутек пен газ өндіру бойынша өз міндеттемелерін орындайды. ҚПО COVID-19 пандемиясынан туындаған тәуекелдерді ескеріп, мұнай бағасының бірқатар ықтимал сценарийінен шыға отырып тиімділікті қамту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды» деп атап өтті. «Өндірістік көрсеткіштер бюджетте көзделген деңгейден асып түсті. Өндіру сөресін ұзарту, ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу және кері айдауды 4 компрессоры жобалары іске асыру кезеңінде тұр». «Біз осы дағдарыс әсер еткен бизнес-процестерді реттейтін жаңа цифрлы технологиялар мен алаңдарды енгізу үшін осы мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Ол үшін табандылық пен бірегей ойлау қажет және жұмысты толық беріліп істеу керек. ҚПО осы дағдарыстан сабақ алып, бұдан да мықты компанияға айналатынына және болашақта орын алатын сын-тегеуріндерге жақсы дайындықпен келетініне сенімдімін», – деді Эдвин Блом. Қазақстандық қызметкерлердің кәсіби өсуі мен біліктілігін арттыру компания үшін өзекті мәселенің бірі болып қала береді. ҚПО бірнеше жыл бұрын келешегінен үміт күттіретін қызметкерлерді анықтау және олардың әлеуеті мен карьерасының жоғарылауына барынша жол ашатын болашақтағы дамуы мақсатында жылдам дамыту бағдарламасын іске асыра бастады. Бағдарлама кәсіби дамудың тиімді жоспарын дайындауда қатысушыларға қолдау көрсетуге және карьералық мақсатын анықтауға мүмкіндік берді. Бағдарлама нәтижесі бойынша қатысушылардың 50%-дан астамы солардың кәсіби және карьералық өсу жоспарына сәйкес жоғарылады. Бірінші жартыжылдықта ҚПО жергілікті қызметкерлерінің пайыздық арақатынасы инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын және барлық басшы қызметкерлердің 81%-ын құрады. ҚПО экология мәселесін назардан тыс қалдырмайды. Іс-шаралардың қысқамерзімдісі де, ұзақмерзімдісі де табиғатты пайдаланудың арнайы шарттарын сақтай отырып, бекітілген жоспарға сай атқарылуда. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қарашығанақтағы газды кәдеге жарату көрсеткіші 99.9%-ды құрады, бұл – әлемдік деңгейдегі жетістік. Бүгінде ҚПО табиғатты қорғау шараларына жасаған инвестицияларының жалпы көлемі 417 миллион АҚШ долларын құрады. ҚПО карантинге қарамастан атмосфера шығарындыларын, ағын су қалдықтарын, қалдықтарды сақтау және өңдеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны, жер беті және жерасты сулары мен топырақтар мониторингін қоса алғанда, толық көлемдегі мониторингті ары қарай да іске асыратын болады. Бұған қоса, энергия ресурстарын тиімді пайдалану дәрежесі мен одан әрі тиімдірек пайдалану мүмкіндіктерін іздестіруді анықтау үшін жаңа энергетикалық аудит толық іске асырылуда. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша энергияны үнемдеу және парник газдарының шығарындыларын азайту бойынша ұзақмерзімді жоспар жасалатын болады. ҚПО жергілікті өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемінен Қазақстандағы мұнай-газ секторы кәсіпорындарының арасында алдыңғы орында келеді. Өнімді бөлу туралы соңғы келісімге қол қойған күннен бастап мыңдаған қазақстандық компания ҚПО-мен бірлестікте халықаралық стандарттар бойынша тәжірибе жинады. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша ҚПО келісімшарттарындағы тауар жеткізу, жұмысты орындау және қызмет көрсетудегі қазақстандық қамту үлесі 59%-ды немесе ақшалай есептегенде 331 миллион АҚШ долларынан астып түсті. ҚПО Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған көптеген ірі жобаны жүзеге асырады. Қазіргі кезде ҚПО аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жасаған инвестицияларының жалпы көлемі 416 миллион АҚШ долларын құрады. Бұдан басқа, ҚПО денсаулық сақтау мекемелеріне, соның ішінде интенсивтік терапия бөлімдеріне қажетті құрал-жабдықтар сатып алу арқылы қомақты қолдау көрсетті. ҚПО компаниясы Birgemiz-Oral облыстық қоғамдық қорының қызметіне қолдау білдіріп, қаржылық көмек көрсетті. «Біз қазір бұрын-соңды болып көрмеген кезеңді басымыздан өткізіп жатырмыз. Пандемиямен күресте негізгі қиыншылық біздің жалпы қолдауымызға аса мұқтаж мамандандырылған медицина мекемелеріне түсіп отыр. Бұл жағдайдан шет қалуға болмайды, сондықтан тату көршілік саясат пен өзінің корпоративтік және серіктестік принциптерін ұстана отырып ҚПО компаниясы көмек қолын созды», – деді Эдвин Блом. Осы бастамалар компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін және жергілікті қауымдастықпен ынтымақтастыққа дайын екенін тағы бір рет растайды. ҚПО өз қызметкерлері мен аймақ тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін Қазақстанның өз міндеттемелерін атқаруға ниетті және алдағы уақытта да оны орындау үшін барлық жағдайды жасайтын болады. Компания коронавирус инфекциясының таралуын шектеу және COVID-19-ды емдеу және алдын алуға қолдау көрсету мақсатында қажетті кешенді қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті. «Болып жатқан дағдарыс әлемдік бизнес қауымдастықтың жұмысқа көзқарасын өзгерте отырып, жаңа жаһандық трендтер туғызды және ҚПО бұл жерде де тыс қалған жоқ. Коронавирус пандемиясына байланысты, оған қоса мұнай бағасының құлдырауынан туындаған сын-тегеуріндерді еңсеру үшін, ҚПО өз басымдықтары мен бизнес-процестерін қайта қарауы қажет. Сонымен бірге ҚПО мемлекеттік мүдделерді, бизнестің негізгі мақсаттары мен корпоративтік құндылықтарды біріктіру үшін бақылау органдары, облыстық атқару органдары, салалық серіктестер мен басқа да мүдделі тараптармен тығыз әріптестікті жалғастырып келеді», – деді Эдвин Блом. «ҚПО ұжымы болашаққа бұрынғыдан да нық сеніммен қарайды және аса ірі Қарашығанақ кен орнын Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықта игеру жоспарларын атқаруға дайын. Бұл ынтымақтастық уақыт сынағынан өткен, соның арқасында пандемия туғызған қиыншылықты жеңіп, жарқын болашаққа аяқ басатын болады» деп аяқтады өз сөзін Эдвин Блом.
Арман ҚҰСАЙЫНОВ