3 мың грантты ақылы оқуға түскенге үлестірмек
3 мың грантты ақылы оқуға түскенге үлестірмек
5,130
оқылды

Үкімет игерілмей қалған 3 мың білім грантын ақылы оқуға түскен талапкерлерге үлестірмек. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады.

Tengrinews.kz сайты Смағұловтың «Үкімет қаулысы шыққан соң қайта байқау жарияланып, (игерілмеген 3 мың грант) үлестіріп беріледі. Қаулы тамыздың соңында шығуы керек. Яғни, гранттарды сол кезде үлестіреміз. Грант алу үшін қайта құжат тапсырудың қажеті жоқ. Біздің базада қай талапкердің қанша балл алғаны бар. Қаулы шыға сала сол балл бойынша гранттар үлестіріледі» деген сөзін келтірді.

Тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Смағұловтың сөзінше, гранттар қай мамандықтарға берілетіні де үкімет қаулысы шыққан соң анықталады. «Гранттарды оқу жылы басталғанша үлестіруге тырысамыз. Бірақ талапкерлер ақылы түрде оқуын бастап кетсе, грант жеңіп алған жағдайда оқуын тегін жалғастыра алады» дейді ол.