Теңіз жағасынан хат салынған бөтелке табылды
Теңіз жағасынан хат салынған бөтелке табылды
276
оқылды

Хат орыс тілінде 1969 жылы жазылған.

Аляска тұрғыны теңіз жағасынан бөтелке тауып алған. Оның ішінде хат салынған екен. Бір қызығы, қолжазба орыс тілінде 1969 жылы жазылған екен.

Кездейсоқ олжаға тап болған америкалық жігіт бөтелкенің суреті мен ішіндегі жазуды әлеуметтік желіге жариялаған. Хатта автор Кеңестің қиыр шығысындағы теңіз күштерінде қызмет ететінін жазған.

Бұдан бөлек, ол бәріне сәлем жолдап, хатты Владивостокқа жіберуді сұрайды. Соңында кеме экипажына денсаулық пен ұзақ өмір тілеген.

Ең қызығы, міне, жуырда жазбаның авторы табылды. Қазір ол – 86 жаста. Есімі – Анатолий Боцаненко. Бұрынғы теңізші қазір Севастополь қаласында тұрады екен. 

 Айтуынша, хаттың Аляскадан бір-ақ шығатыны үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. 

– Бөтелке Магаданға жақын орналасқан Приморье жағалауына жетер деп ойладық. Әрі кетсе Курил аралдарынан немесе Қытайдан табылар дегенбіз. Бірақ ол Беринг бұзағынан өтіп, Аляскадан бір-ақ шықты. Бұл – адам сенгісіз жайт. Ол жаққа бөтелке қалай жетті?, – дейді бұрынғы теңізші Анатолий Боцаненко.