Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Дезинфекция дақпырты

Шымкентте дәрі емес, су шашқан ба?

«Айқын» ақпарат
Шілде 31, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
desinfekzia1
27
қаралым

Қоронавирус пандемиясы басталғалы қоғамда сан түрлі фейк ақпараттар тарады. Таратушылар да аз емес. Ұшақпен дәрі ша­шады, чип орнатады, Билл Гейтс ұйымдастырған іс, «қастандық теориясы» тә­різді дақпыртқа соңғы кез­дері қалалардағы дезин­фек­ция шараларына қа­тысты ақпарат қосылды. Біреу­лер дезинфекция өкпені қа­бын­дырады десе, тағы біреу­лер дәрі орнына су шашып жатыр десті. Мұндай қауесет қазір үш мегаполисіміздің екеуіне қатысты айтылып жүр. Біздің тілшілер астарына үңілді.

Сейсенбі күні Шымкент қала­сының әкімдігі тағы бір даулы мәселеге тап болды. Әлеу­меттік желінің құдіреті әкімдік қызметкерлерін аяғынан тік тұр­ғызды. Осы жолы мәселе дезин­фекцияға барып тірелді.

Өткен аптаның соңынан бері шаһардың түкпір-түкпірінде тү­гелдей дерлік дезинфекциялау жұ­мыстары жүріп жатыр. Кезекті залал­сыздандыру шаралары ке­зінде Еңбекші ауданына қарасты 18 шағынауданда көшені дәрілеп жүрген әскерилерге сол аймақтың тұрғыны Кенже Жанбуршина есімді қоғам белсендісі өзін та­ныс­тырып, дезинфекцияланған сумен бетін, көзін жуып көреді. Сөйтеді де мұның қарапайым су екенін, бет жуғанда әсері болмағанын айтып, айқайға басады. «Мына суларыңда хлордың иісі жоқ қой. Неге ха­лықты алдап жүрсіңдер? Міне, мен бетімді де, көзімді де жуып тұрмын, дым хлордың иісі жоқ. Іш десеңдер ішіп берейін. Осы үшін мемлекеттен қаншама қаржы бөлінді, ұялмайсыңдар ма?» деп байбалам салады. Ал сол төңіректе болған, қарамағындағыларын бақылап жүрген әскери бөлім қызметкері бұл сұрақтың ешқай­сысына да жауап бере алмады. Бар болғаны: «Біз әкімдік құйып берген затты сеуіп жүрміз. Мұндай мәселеге тиісті сала мамандары, басшылары жауап береді, сол жаққа хабарласыңыз», – деді.

Бүгін Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қатынамайды

Бүргемен бірге адамды да улады

Вирустың қалай пайда болғаны анықталды

Дәл осы көріністегі бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Әрине, мәселенің мән-жа­йын білмейтін, мынандай көріністі көрген кез келген адам­ның ашу-ызасы келері анық. Онсызда көптен бері #Әйтеновкет деген хэштекпен қала әкімінің әрбір ісінен сын іздеп жүрген әлеуметтік желі белсенділері мұны іліп алып кетті. Тіпті, қызды-қыздымен мына жағдайдан кейін өзі-ақ кетуге өтініш беретін шығар деген тұжырым шығарып қойды.

Сонымен, сол күні кешке залал­сыздандыру жұмысына қа­тысты таралған бейнежазбаға зер­делеу жұмысын жасау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жазба авторы де­зин­фекция үшін дәрі дайын­дай­тын өндіріс орнына барды. Мұнда Шымкент қалалық Энер­гетика және коммуналдық ша­руа­­шылық басқармасы бас­шы­­сының орынбасары Болат Мәлімов әлемдік тәжірибеде дәлелденген бұл қоспаны сумен араластырғанда ешқандай иіс пен дәм болмайтынын айтып өтті. Сонымен бірге адамға және өзге де тірі ағзаларға ешқандай кері әсері жоқ дәл осындай дә­рі­лік заттың еліміздің барлық қала­ларында залалсыздандыруға пайдаланатынын айтып, серти­фи­катымен таныстырды. Мұн­дай қоспалар тек зиянды бак­териялар мен микробтарды ғана жоюға арналған екен. Демек, адамға ешқандай зияны жоқ. Осында бұқаралық ақпарат құрал­дары мен билік өкілдерінің кө­зінше бейнежазбаны желіге жария­лаған Кенже Жанбуршина дезинфекцияға арналған қос­памен тағы бір рет беті-қолын жуып, иісі­нің жоғына көз жеткізді. Ол мұның дәл күндізгідей су екенін растады.

Ертесіне Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қыз­меттердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау департаменті бас­шысының орынбасары Ғалымжан Әбішев пен Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бас­шысының орынбасары Болат Мәлімов ақпараттық-ком­муникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыға түскен бейнежазбаға қатысты сауалға жауап берді. Болат Мәлімов сірке қышқылы қоспасын көп­қабатты тұрғын үй ауласына және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға арнайы су шашатын құрылғылармен қолданылып жатқанын атап өтті. «Жұмыс концентрацияларында қолданылатын (0,001-0,03%) НУК ерітінділерінің өткір иісі жоқ, жергілікті тітіркендіргіш, сенсибилизациялайтын және кумулятивті әсері жоқ, тыныс алу органдарына травматикалық әсер етпейді. Яғни, сұйылтылған түрінде уыттылығы аз заттар бо­лып табылады. Қазіргі таңда қа­ла­ны залалсыздандыру жұмыс­та­рына екі түрлі қоспа қолданы­луда. Атап айтқанда, гипохлорид­ка­льций 35% (хлор) және сірке қыш­қылы қоспасы. Жоғарыда атал­ған екі қоспаның да тиісті са­рап­тамалық қорытындысы бар», – деді ол.

Демек, бейнежазбада көр­сетілген Еңбекші ауда­нын­да әс­керилер жасаған залалсыз­дан­дыру жұмыстарына сірке қышқылы қоспасы қолданылған.

– Қазіргі таңда Шымкент қала­сында індеттің өсу динамикасы төмендеуде. Бұл – атқарылып жат­қан санитарлық жұмыстың нәтижесі. Ал әлеуметтік желіде таралған бейнежазба жайында айтсам, залалсыздандыру зат­тарын қарапайым халық пайда­лануға болмайды. Дезинфек­циялық заттардың үш түрі бо­­лады. Дезинфекция микроор­ганизмдерге қарсы жүргізілсе, жәндіктерді жоюға дезинфекция жасалады. Үшінші түрі – дера­тизация. Ол кеміргіштерге қарсы қолданылады, – деді Ғ.Мотайұлы.

Сондай-ақ брифингте әлеу­меттік желіде бейнежазба ав­торына арнайы түсіндірме жұ­мыстары жүргізілгені және дезин­­фекциялық заттардың са­рап­­та­малық қорытындысы бар екені ай­тылды.

 

 

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы

 

 

 
Тегтер: дезинфекциядезинфекция дақпыртыфейк ақпарат
Алдыңғы жаңалық

Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа жөнелтілді

Келесі жаңалық

Бауыржан Исламхан жаңа келісімшартқа қол қойды

Ұқсас жаңалықтар

қазақ күресі, Жақсылық Үшкемпіров, жарыс, астана
Жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 2021
Дамир Дәуітов, Алматы, тергеу изоляторы,
Жаңалықтар

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 2021
пневмония, ауру, адам өлімі
Жаңалықтар

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 2021
ҚазАгро, Бәйтерек, холдинг, Жолдау
Жаңалықтар

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 10:17

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 09:58

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 09:38

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 09:27

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 09:06

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 08:32

Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

Наурыз 1, 08:25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қазақ күресі, Жақсылық Үшкемпіров, жарыс, астана

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 2021
Дамир Дәуітов, Алматы, тергеу изоляторы,

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»