Альпинистерді іздеу жұмысы тоқтатылды
Альпинистерді іздеу жұмысы тоқтатылды
259
оқылды

Тянь-Шань тауының Қырғыз бөлігінде жоғалған алматылық альпинистерді іздестіру шаралары тоқтатылды. Әскери альпинистер елге оралды. Жоғалғандардың өздері, не олардың іздері анықталмады. Бұл туралы іздестіру-құтқару операциясының мүшелері баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.

«Іздерін көре алмадық. Тепловизор құрылғысы да еш нәтиже бермеді. 21 тамызда Жеңіс шыңында күн бұлтты болды. Тәулік бойы ауа райының тұрақталуын күттік. 22 тамызда қайта іздеуге шықтық. Алайда өзгеріс жоқ. Қар көшкіні жүру қаупі әлі де сақталып отыр, сондықтан іздеу жұмыстары тоқтатылды», – деді іздестіру-құтқару операциясының жетекшісі В.Пивцов