Елімізде жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгертіледі. Бұл эпидемиологиялық жағдайға және жолаушылар санының азаюына байланысты.
9 тамыздан бастап «Нұр-Сұлтан-1 мен Достық» станциялары арасында қатынайтын №258/257 пойыз уақытша тоқтатылады. 12 тамыздан бастап «Алматы-2 – Шымкент» пойызының да қозғалысы белгілі бір мерзімге дейін шектеледі.
11-тамыздан «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы да уақытша тоқтайды. Келер айда «Алматы-2 – Шымкент» бағыттары, «Нұрлы жол – Алматы-1» және «Нұрлы жол – Арқалық» пойыздары, «Нұрлы жол – Өскемен-1», «Алматы-2 – Павлодар» бағыттарының жүру жиілігі уақытша қысқартылады. Билет құны толық көлемде қайтарылады немесе мерзімі кейінге шегеріледі. Қосымша ақпаратты «105» номерінен білуге болады.