Вице-премьер Ералы Тоғжанов карантиннің тағы екі аптаға – 17 тамызға дейін созылуына байланысты Үкімет табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңгенің жартысын, яғни 21 250 теңге беруге шешім қабылдағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, ол сома 42 500 теңгеге өтініш бермей-ақ алған азаматтарға бұ жолы да автоматты түрде түседі.
«Бізде бұл бойынша қалыптасқан тәжірибе бар. Қазір 2,1 млн адам 42500 теңгені алды. Проактивті форматта алғандар бар. Қазір бұл мәселемен Еңбек министрлігі айналысып жатыр. Олардағы мәліметі бар азаматтар проактивті форматта (өтініш бермей-ақ) автоматты түрде ала алады», - деді ол бүгінгі брифингте.Ал көмекке енді бірінші рет өтініш беретін азаматтарға 3 тамызға дейінгі карантин үшін берілетін 42 500 теңге мен тамызға арналған 21 250 теңге қоса түседі. Сонда олар 63 750 теңге алады.