Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тик Ток платформасын игермек. Департаменттің ақпараттық-профилактикалық штабының басшылары әлеуметтік желіден бас алмайтын жастарға осы әдіс арқылы ой салуға ниетті, деп жазады atyrauoil.official. Контенттің мазмұны әзіл аралас болады деп жоспарланған, алайда оны жүзеге асыратын Тик Токерлер Атырауда табылмай тұр. «Өкінішке орай жақсы Тик Токерлер таба алмадық, сол себептен басқа өңірлерден іздестіріп жатырмыз. Қазір біз келіссөздер жүргізудеміз. Егер Атырауда еріктілер болса жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Атырау облыстық Антикор ақпараттық атқару штабының төрағасы Олжас Сүлейменов.