Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәліметтер төрт цифрға негізделеді
Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәліметтер төрт цифрға негізделеді
фото: ашық дереккөз
140
оқылды
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Егер бірінші код бойынша бәрі анық болса, екінші жағдайда коронавирусқа бірнеше белгілер бойынша диагноз қою керек, олар: эпидемиологиялық және клиникалық белгілер. Эпидемиологиялық белгілер - пациент ауру жұқтырған адамдармен нақты байланыста болған кезде, клиникалық белгілері - дене қызуы, құрғақ жөтел. Біз ел бойынша жиналған мәлімет 2 тамыздан бастап күнделікті ұсынып отырамыз. Мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бірінші көрсеткіш - коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі - өлім жағдайлары, үшіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген ықтимал ауырған пациенттер, төртіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген бірақ өлім нәтижелері көрсеткен жағдайлар», - дейді ол. Бұған дейін, Бағдат Қожахметов жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланатынын айтты. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын.