Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: екі адамға іздеу жарияланды
Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: екі адамға іздеу жарияланды
фото: ашық дереккөз
143
оқылды
Полиция Сәтбаевтағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен 16 тұрғынды қамауға алып, екі тұрғынға іздеу жарияланды. Бұл туралы қала прокуроры Төлеубек Рымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, 16 тұрғын 24 шілде күні қалада тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген, екі тұрғынға іздеу жарияланған. Полиция тәртіпсіздік ұйымдастырғандарды бейне-бақылау камераларының көмегімен тапқан. «24 шілде күні түнде тәртіпсіздік, біреудің мүлкін әдейі бұзу, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіру фактілері болғаны анықталды. Барлық факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 16 адам қамауға алынды. 2 адамға іздеу жарияланды», - деді Сәтбаев қаласының прокуроры Төлеубек Рымбаев.