Алматы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин азаматтардың көпшілігі үй карантині талаптарын бұзатынын айтады. Тиісті заңбұзушылықтар үшін азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. «Вирусты тасымалдап жүрген симптомсыз адамдар өте қауіпті. Гепатит А вирус да жақсы білеміз. Симптомсыз науқас 20 адамға дейін жұқтыра алады. Бұл көп жағдайда туған-туыс, көрші-қолаңға инфекцияның таралуына әкеледі. Сол үшін осы шектеуді енгізуге тура келді», - деді Ж.Бекшин. Қала тұрғындарына төнген қауіпті сейілту үшін ПТР талдауы оң, симптомсыз науқастардың жүріс тұрысы қадағаланатын болады. Егер адам оқшаулануға мүмкіндігі болмаса +7 (727) 300-05-05, +7 (727) 300-01-03 нөмірлеріне хабарласып, карантин стационарына орналаса алады. Бұл мемлекет қаржысынан төленеді.