Роналду Мессимен кешкі асты неліктен бірге ішкісі келетінін айтты
Роналду Мессимен кешкі асты неліктен бірге ішкісі келетінін айтты
197
оқылды

Роналду «Ювентуске» 2018 жылдың жазында ауысып келді

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселона» лидері Лионель Мессимен өзара бәсекелестігі туралы пікір білдірді.

«Менің үздік атануыма Мессидің себепкер болғаны еш күмәнсіз. Мен де оған әсер еттім. Бәсекелес болу – өте жақсы нәрсе. Футболда да, жалпы спортта және өмірде бәсекелес болу қалыпты құбылыс.

Мен Леоның карьерасына қарап таң-тамаша боламын. Ол кезінде менің Испания чемпионатынан кеткеніме өкінетінін де ашық айтты. Біздің бәсекелестіктен ол рахат алатын. Кәсіби тұрғыда бір-бірімізге жақсы әсер еттік. Мен Мессимен ешқашан кешкі ас ішіп көрмеппін. Келешекте неге мұны ұйымдастырмасқа? Бұл тұрғыда менде ешқандай проблема жоқ» дейді футболшы.

Еске салсақ, Роналду «Ювентуске» 2018 жылдың жазында ауысып келді. Клубпен бірге ол А сериясын және Италия кубогын жеңіп алды. Роналду мен Мессидің еншісінде бес-бес «Алтын доптан» бар.

Оқи отырыңыз: 

Роналду карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

«Барселона» Неймардың презентациясына дайындалып жатыр

«Алтын доп» иегері 16 жылда алғаш рет қызыл қағаз алып матчтан қуылды (видео)