Бір жылда әуе компанияларына 84 инспекциялық тексеру жүргізілді

Бір жылда әуе компанияларына 84 инспекциялық тексеру жүргізілді
фото: ашық дереккөз

Еуропалық авиациялық агенттік моделіне негізделген азаматтық авиация саласын мемлекеттік реттеу тәсілінің енгізілуіне бір жыл толды. Бұл туралы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» хабарлады.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты және тұрақты емес рейстерді, жүк рейстерін, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын, шағын авиация және жалпы мақсаттағы  авиация пайданушыларын қоса алғанда 60 әуе компания тіркелген.

«Жыл ішінде әуе компанияларға 84 инспекциялық тексеру және 4 сертификаттау жүргізілді. Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінің жалпы саны – 788. Әуе кемелеріне 280 инспекциялық тексеру жүргізілді.  Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы 84 куәлік, 146 ұшуға жарамдылығы сертификаты, 18 азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат берілді. Қазақстанда сертификатталған 24 әуежай бар, оның ішінде 17 халықаралық және 7 ішкі әуежай, сондай-ақ 6 сертификатталатын тікұшақ айлағы жұмыс істейді. Авиация әкімшілігімен 11 әуежай және 4 тікұшақ айлағы сертификатталды, 13 инспекциялық тексеру жүргізілді», - делінген хабарламада.

2019 жылдың 1 тамызында ТМД елдерінде алғаш рет азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі саласындағы авиациялық техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ салалық реттеушісі құрылды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.