36 жастағы Ковалев жас қарсыласын нокаутқа түсіріп әлем чемпионы атағын қайтарып алды (видео)
36 жастағы Ковалев жас қарсыласын нокаутқа түсіріп әлем чемпионы атағын қайтарып алды (видео)
5,158
оқылды

36 жастағы ресейлік кәсіпқой рингтегі 34-жеңісіне қол жеткізді

Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев британиялық Энтони Ярдты жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Челябинскідегі «Трактор» аренасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі Ковалев пен Ярд арасында өткен болатын. Бұл Ковалевтің туған қаласында өткізген алғашқы, ал Ресейде өткізген төртінші кездесуі. Ал Ярд осымен екінші рет Британиядан тыс жерде жұдырықтасты.

Ковалев қарсыласын 11 раундта нокаутқа түсірді. Бұған дейін Ярд ресейлікті сегізінші раундта ногдаунға түсірген. Алайда Сергей гонг дауысына дейін шыдап бағып, кейін кездесу тағдырын өз қолына алды.

Осылайша, 36 жастағы ресейлік кәсіпқой рингтегі 34-жеңісіне қол жеткізді. Ол карьерасында 3 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен. Ал 27 жастағы Ярд алғаш рет жеңілді. Бұған дейін ол 18 кездесудің барлығында жеңіске жеткен. 17 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Осы кездесу үшін Ковалев 5, британиялық боксшы 3 миллион доллар сыйақы алды.

Жекпе-жектен соң өзін жайсыз сезінген Ярд дереу ауруханаға жеткізілген. 

Осы бокс кешінің андеркартында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповпен кездесіп, жеңіске жетті.

https://youtu.be/I5VLVT5ms3c