Байқоңыр қаласында 28 шілде күні жеті жасар қыз педофилден зорлық көрген, деп хабарлады қалалқы әкімдіктің ресми сайты. «Біздің қаламызда сұмдық жағдай орын алды. 7 жасар қызды зорлап кеткен. Қылмыстық іс қозғалды. Зорлаған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері одан жауап алып, басқа да тергеу әрекеттерін жүргізеді. Біздің тәртіп сақшылары білікті тергеу жүргізеді және қылмыскер заңда белгіленген қатаң жазамен жазаланады», - делінген хабарламада.