Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты
Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты
фото: ашық дереккөз
147
оқылды
Шымкентте ірі кәсіпорындардың біріндегі қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды sputniknews.kz. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады, одан ғимараттан шыққан қалың түтінді көруге болады. Өңірлік Otyrar басылымының хабарлауынша, "Визит" зауытының аумағындағы қоймадан өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалпы аумағы 2000 шаршы метр болатын қойманың өртеніп жатқанын анықтады. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қоймада пластик бөтелкелерді әзірлегенде пайдаланылатын шикізат болған. Зауыт сусындар шығарады. Өрт аумағы шамамен 800 шаршы метрге жеткен. Тілсіз жауды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер тартылды.