«Nur Otan» партиясы Шәбден Тоқтасынұлының қазасына байланысты көңіл айтты

«Nur Otan» партиясы Шәбден Тоқтасынұлының қазасына байланысты көңіл айтты

Партиялысымыз, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Шәбден Тілеумұраттың қазасы қабырғамызды қайыстырды. Шәбден Тоқтасынұлының партияның саяси өміріне қосқан үлесі өлшеусіз. Өңірдің, партияның тынысына өзіндік үні мен қолтаңбасын қалдырған жан. Амал нешік. Ағаш бесікке түскен, жер бесіктен қашып құтыла алмайды. «Nur Otan» партиясының Орталық аппараты осы саяси ұйымның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

«Nur Otan» партиясының Орталық аппараты