Олимпиада финалында Данияр Елеусіновтен жеңілген өзбек боксшысы кәсіпқой рингтке керемет жеңіске жетті (видео)
Олимпиада финалында Данияр Елеусіновтен жеңілген өзбек боксшысы кәсіпқой рингтке керемет жеңіске жетті (видео)
5,187
оқылды

Шахрам биыл сәуір айында WBA International чемпиондық белбеуін иеленген

2016 жылы Рио олимпиадасының финалында Данияр Елеусіновтен жеңіліп күмісті қанағат тұтқан өзбек боксшысы Шахрам Гиясов кәсіпқой рингте мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Оның колумбиялық қарсыласы Дарлейс Перес өзбек боксшысының қарқынына небәрі 30 секунд уақыт қана төтеп берді. Жекпе-жек Мексикада өткен.

Кәсіпқой бокста былтырдан бері жұдырықтасатын Шахрам биыл сәуір айында WBA International чемпиондық белбеуін иеленген. 

Ал қарсыласы 2014 жылы WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанған еді. Одан соң венесуэлалық Жайдэр Паррға қарсы шығып, титулын сәтті қорғап қалды. 2015 жылы британиялық Энтони Кроллмен кездесіп, тағы да жеңіс олжалады. Алайда сол жылы қараша айында Кроллмен реванш жасап, жеңіліс тапты. Сөйтіп, титулынан айырылған еді.

https://youtu.be/gOi3CK2J44I