Қос қазақтың белдесуі: Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қос қазақтың белдесуі: Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
164
оқылды

Отгонцэцэг Галбадрах жетінші орынмен шектелді

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Сметов қола жүлде үшін тартыста отандасы Ғұсман Қырғызбаевпен кездесіп, басым түсті. Сметов Қырғызбаевты иппон әдісімен жеңді.

Оған дейін ширек финалда Сметов жапон Рюдзю Нагаямадан жеңіліп қалған еді. Ал Қырғызбаев жартылай финалда өзбек Шарафутдин Лутфуллаевтан айласын асыра алмаған.

Сондай-ақ 48 келіге дейін сынға түскен тағы бір қазақстандық Отгонцэцэг Галбадрах жетінші орынмен шектелді.