Құрбан айт: 58 456 отбасына құрбандық еті таратылды
Құрбан айт: 58 456 отбасына құрбандық еті таратылды
фото: .muftiyat.kz
Арнайы  жұмыс тобы республика бойынша 58 456 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді. Бұл туралы muftiyat.kz хабарлады. Еліміз бойынша qurban2020.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді. Уәкілдік құрбандыққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтермен жеке жұмыс жасалып, мамандарымыз тиісті жауаптарын берді.   width=    Айта кетсек, айттың бірінші күні (31.07.2020) ҚМДБ-ның аймақтағы өкілдіктері көмекке зәру 30 715 отбасыға құрбандық етін жеткізіп, мерекелік қуанышқа бөлеген болатын. Ал айттың екінші күнінде (01.08.2020) 27 741 отбасыға ет үлестірілді. Жалпы алғанда, яғни, барлық облысты қамтығанда Құрбан айттың екі күнінде 58 456 жанұяға ет жеткізілді.  width=  width= Сонымен қатар, құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға тегін таратылды.  width=