Арнайы жұмыс тобы республика бойынша 58 456 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді. Бұл туралы muftiyat.kz хабарлады.
Еліміз бойынша qurban2020.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді. Уәкілдік құрбандыққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтермен жеке жұмыс жасалып, мамандарымыз тиісті жауаптарын берді.