Елбасы Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты
Елбасы Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты
фото: ашық дереккөз
200
оқылды
Елбасы даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің өмірдегі әрбір қадамы мен  атқарған істері өзінің есіміне сай,  жан-жағына тек жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашып жүретін, халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы перзенттерінің бірі болғанын атап өтті. «Ол грек-рим күресі бойынша қазаққа алғашқы болып әлемнің ең басты атағын сыйлады. Кәсіпкерлікпен де табысты айналысып, ел экономикасының өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, кәсіпкерлік тәжірибесін  өзгелермен бөлісіп, жақсы үлгі мен өнеге көрсетті. Мен онымен өткізген кездесулерімді әркез ризашылықпен еске аламын. Отандастарымыз да оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», - делінген жеделхатта.