Түркияда Димаштың суреті бейнеленген граффити пайда болды
Түркияда Димаштың суреті бейнеленген граффити пайда болды
фото: ашық дереккөз
353
оқылды
Түркияның Адана қаласында әлемге әйгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар граффити пайда болды. Суретті салған Альпер Агка .Оның айтуынша, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақытын жұмсаған. Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді. «Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған «Bastau» деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз «Bastau» - Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!» - деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында.  width=