Трамп Ресей үшін «жетілікпен» жаға жыртысты
Трамп Ресей үшін «жетілікпен» жаға жыртысты
117
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді «жетілік» құрамына шақыру үшін жеті ірі жаһандық державамен сөзге келгенін растады. Трамп Ресейді алдағы уақытта Нью-Йоркте өтетін саммитке шақыруды алға тартқан.

Франциядағы Биаррицте өтіп жатқан «Алпауыт жетілік» саммиті туралы сөз қозғаған Ақ үй басшысы Ресей ісі бойынша кей фигуранттардың келіскенін, ал кейбірінің келіспегенін атап өтті. Трамп Ресейдің саммитке ықтимал шақырылуын «оң» әрі «пайдалы» қадам деп түйсінеді.

АҚШ президенті Ресейге қатысты пікірталас бойынша ортақ шешім шықпаған. Қай ел басшыларының оның ұстанымына қолдау танытып, танытпағанын айтудан бас тартқан Трамп «Бұл мәселеге қатысты дауыс бермедік» деп қысқа қайырды.

Қырымдағы аннексиядан кейін Ресей бұрынғы «сегіздік» құрамын тәрк еткен. Бұл ақпаратты 2014 жылы Франция президенті Эммануель Макрон мәлім етті. Алайда Макрон Ресейдің «алпауыт сегіздік» құрамына қайта оралуының кілті «Украинада» екенін жасырмады.

Франциядағы Биаррицте Жапония, АҚШ, Италия, Канада, Британия, Германия, Франция лидерлері бас қосқан «алпауыт жетілік» саммиті өтуде.