Экранын төмен қаратып қойса, телефонның қызмет ету мерзімі ұзарады. Сарапшылардың айтуынша, экраны төмен қарап тұрса, смартфон камерасына зақым келмейді және дисплейі қызбайды, деп хабарлайды РИА Новости. "Адамдар телефон сатып алған кезде бірден экранын қорғайтын шыны қояды. Сондықтан телефонның экранын төмен қаратып қою әлдеқайда қауіпсіз", - дейді мамандар. Өйткені телефон экранын қорғаудың түрлі жолы бар. Ал камера үшін мұндай жағдай жасалмаған. Объективінде линза көп болғандықтан, көптеген телефон камерасының қорғау қиын екені айтылып отыр.