Спорт университеті ашылады
Спорт университеті ашылады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев хабарлады

  «Болашақта елімізде Спорт университетін құру жоспарда бар. Ол жерде барлық салада спортшыларды дайындаумен байланысты түрлі бағытты қамтитын факультеттер болады. Спорт университеті барлық проблеманы шешуі тиіс», – деді Серік Сапиев.

Сонымен қатар, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын айтып, техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, өзге де мемлекеттік органдармен келісу процедурасын өткізіп жатқанын жеткізді.

«Біз барлығын әзірледік, ұсыныс енгізудеміз. Мәселе шешіліп жатыр. Таяу 4 жылдың ішінде шешіледі», – деді Серік Сәпиев.