Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне тек қана отбасы қатысады
Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне тек қана отбасы қатысады
Фото: Интернеттен алынды
162
оқылды
Жақсылық Үшкемпіровтің туыстары көңіл айтып, қолдау қөрсеткен барша қазақстандықтарға, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
«Пандемияға байланысты және адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне спортшының жақын туыстары ғана қатысады. Бастапқыда спортшымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарланды. Алайда қазіргі жағдайға байланысты марқұммен қоштасу рәсімі бір жылдан кейін өтетін болды», – деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
  Еске сала кетейік, кеше 70 жасқа қараған шағында, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болған еді.