Кез келген мәселе ашық талқыланып, елдің алдында шешімін табуы тиіс – Әлия Әбсеметова
Кез келген мәселе ашық талқыланып, елдің алдында шешімін табуы тиіс – Әлия Әбсеметова
Фото: Интернеттен алынды
444
оқылды
Ол үшін ең бірінші халықпен тікелей байланыс орнатуды жүйелеген жөн. Кері байланыс орнатудың маңызы зор. Себебі, қазір ел ішінде жергілікті халық проблемасын әлеуметтік желі арқылы жеткізеді. Жанайқайына жаппай халық назар аударса ғана шешілетініне көзі жетіп отыр. Жергілікті шенеуніктерге арыз-шағымын айтып барса, шенеуніктер қарапайым тұрғындардың проблемасына салғырт қарайды. Әр ауыл, аймақтың проблемалары қордаланып, уақытылы шешімін таппаған соң, жиналып қоғамда дау-дамай тудырады. Жергілікті шенеуніктердің салғырттығы, ауыл тұрғындарының проблемасына немқұрайды қарауы халықты ашу-ызасын келтіреді. Сондықтан елдің айтарын тыңдап қана қоймай, оның проблемасын шешуде кері байланыстың жолдарын жетілдіру керек. Белгілі бір мәселенің шешімін тапқанына ел соңына дейін көз жеткізбесе, сенбейді. Партияның праймеризі туралы Жетісу жастары әлеуметтік желіден біліп, хабардар болып жатыр. Тоғыз баланы бағып-қағып отырған көпбалалы ана болғандықтан, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жете мән беремін. Қоғамдағы кез келген проблемаға бей-жай қарауға болмайды. Әрбір мәселе дер уақытында, уәде берген кезінде шешілсе, елдің жергілікті билікке деген сенімі артады. Сол үшін еліміздегі саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге әрбір азамат өз пікірін айтып, үлесін қосуы керек. Алдағы уақытта өтетін «Nur Otan» партиясының праймеризі халықтың тұрмысын түзейтін қозғаушы күшке айналса, біз мақсатқа бірге жетеміз. Қыруар қаржы бөлініп, жүзеге аспай қалған жобаларды сыннан қорытынды шығарып, соңына дейін жеткізуге атсалысайық. Елдің тұрмысы түзелсе, әлеуетіміз артады. Экономиканың дамуына оң ықпал етеді. Халық үшін адал қызмет ететін жастарға мүмкіндік берейік. Халықтың билікке сенімі артады. Қоғамда өзгеріс болуы үшін әрбір адам елдің дамуына өз үлесін қосуы керек. Балаларымның болашағы үшін праймеризге қатысамын. Праймериздің ашық өтуіне Жетісу өңірінен атсалысамын. Қоғамдағы келеңсіздіктерді жою үшін әр адамның санасында серпіліс, өзгеріс болғаны жөн.     https://www.youtube.com/watch?v=OG3qvMcoZjA