Нұротандық депутаттар ауруханаға дәрі-дәрмек алып берді
Нұротандық депутаттар ауруханаға дәрі-дәрмек алып берді
Партияның Қарғалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапарбек Аманжоловтың айтуынша, «Меропенем» антибиотигі Ресейдің Орск қаласынан жеткізілген. Бұл дәрі аурухананың бас дәрігермен ақылдасып алыныпты.    width=
– Індетке шалдыққан науқастарды емдеу үшін өз отбасыларынан оқшауланып, күні-түні қызмет жасап жүрген ақ халатты абзал жандарға қолдау білдіргіміз келді. Дегенмен мұнда дәрігерлердің керек-жарағы мен азық-түлік қоры жеткілікті екен. Сондықтан да қажетті дәріні алып беруді ұйғардық. Өйткені ауа арқылы тез тарайтын бұл аурудың қайтадан өршімесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Ендеше дәрі де артық етпейді. Бұл іс-шараны ұйымдастыруда мәслихат хатшысы Надежда Заглядованың еңбегі зор, – деді ол.
Қазір ауруханада 50 керуеттік провизорлық және 10 керуеттік инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр. Бұл бөлімшелерде 4 дәрігер, 13 медбике және 13 санитар қызмет жасайды. Осы күнге дейін аудан бойынша 198 адамнан пневмония, 22 адам коронавирус індеті анықталған болатын. Қазір науқастардың саны екі есеге дейін азайған.    width= – Соңғы кезде жағдай тұрақты. Ауруханада 31 науқас пневмониядан, 1 адам КВИ-ден ем алуда. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті, 2 ИВЛ аппараты бар. Аудан тұрғындарының, оның ішінде партиялықтардың көмегімен 11 оттегі концентраторын алдық. Мінеки, енді дәрі-дәрмек те жеткізілді. «Меропенем» препараты ауыр халде түскен науқастарға қажет. Бүгінгі көрсетілген көмек аясында  осы дәрінің 1 айға жететін қоры қалыптасты. Осы үшін аудандық мәслихаттағы «Nur Оtan» фракциясы мүшелеріне алғысымды білдіремін, – деді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Тоғжан Қызылбасова. Қосестек ауылының тұрғыны Айсұру Әбенқызы ауруханаға екі жақты пневмонияның ауыр түрімен түсіп, дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры және ақ халаттылардың жанкешті еңбегінің арқасында жазылып шыққанын айтады. Айта кету керек, акция ауылдық округтерде де жалғасуда. Аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Кольжановтың бастамасымен Желтау дәрігерлік амбулаториясына оттегі концентраторы табысталған болатын.