Әнуар Өскенбаев – Nur Otan партиясы аппаратының басшысы
Әнуар Өскенбаев – Nur Otan партиясы аппаратының басшысы
121
оқылды

Nur Otan партиясында кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Партия аппаратының басшысы қызметіне Әнуар Өскенбаев тағайындалды.

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Әнуар Өскенбаев партия орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол әр жылдары Есеп комитетінде жұмыс істеп, партияның Аудит қызметін басқарды. Аймақтық тәжірибесі де мол. Оның Елбасының қайта жандандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға үлкен үлес қосатынына сенімдімін», – деп жазды.

Әнуар Өскенбаев былтыр қыркүйек айында Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі болып тағайындалған болатын. Әр жылдары Индустрия министрлігінде, Есеп комитетінде, Алматы әкімінің аппарат басшының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдан 2015 жылға дейін «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы болған.