Коронавирус: Наурыздан бері 1058 адам қайтыс болды
Коронавирус: Наурыздан бері 1058 адам қайтыс болды
© ortcom.kz
121
оқылды
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан наурыз айынан бері жалпы саны 1058 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Қазақстанда қиын кезең артта қалды деп айтсақ, артық болмас. Қазіргі таңда елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы, наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталып, 67% науқас дертінен айығып шықты. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, республика бойынша COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 15 стационар науқастардың азаюына байланысты жабылған.