Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет. 4 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде 4 тамызда найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. 4-5 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 4-5 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазган қаласында 4-5 тамызда 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында 4 тамызда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 4 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында 4 тамыз күндіз қатты ыстық 35-36 градус сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 4 тамызда қатты ыстық 35 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100%.