Пневмония емес, коронавирустан сақтану керек - пульмонолог
Пневмония емес, коронавирустан сақтану керек - пульмонолог
© сурет интернеттен алынды
188
оқылды
Пульмонолог дәрігер Саттар Ералиев коронавирустан өкпе ғана емес, бауыр мен бүйрек те қабынатынын айтты. 
"Коронавирустың ауыр түрлерінде өкпе ғана емес, ми және вегетативті нервтер, бауыр және ұйқы безі, бүйрек зақымданады. Қазір министрліктің тапсырмасы бойынша, жергілікті емханаларда реабилитациялық бөлімшелер құрылып жатыр. Сол жерде барып кеңес алған дұрыс. КВИ-дан кейін иммунитет төмендейді. Сондықтан қазан айында тұмауға қарсы вакцина салдырған дұрыс. Жасы келген кісілер (65-тен асқан), диабетпен, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын кісілерге пневмококк инфекциясына қарсы вакцина салдырған жөн", - дейді дәрігер. 
Сонымен қатар дәрігердің айтуынша, балалар КВИ-ге аз шалдығады және жеңіл ауырады, бірақ үйдегі жасы келген кісілер немесе басқада қауіп-қатер тобына кіретін адамдарға жұқтырып, олар қатты ауыруы мүмкін. Жеңіл өтеді дегенмен, иммундық аурулары бар балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыны естен шығармаған жөн.
"Пневмония емес, коронавирустан сақтану керек. КВИ-мен ауырған әрбір науқастың өкпесінің 80% зақымданады, яғни пневмония КВИ-дің асқынуы емес, ол осы аурудың ең көп кездесетін көрінісі", -деді пульмонолог.