Сәтбаевта полицияға қарсы шыққандарға қатысты іс қозғалды

Сәтбаевта полицияға қарсы шыққандарға қатысты іс қозғалды

Сәтбаев қаласында бұзақылық жасаған 50-60 адамды полицейлер жертөледе қамап, қысым жасауда деп мәлімдеген жігіт ойынан айнып, жаңа мәлімдеме жасады.

23 шілде күні болған дүрлігуде мүліктерді қиратты, билік өкілдеріне ауыр дене жарақатын салды және бұқазылық жасады деген күдікпен 16 адам қамалды. Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша тас пен таяқтармен қаруланған жастар полиция ғимаратына басып кіріп, 5 жасар қыз баланы зорлаған күдіктіні өздері жазалауға әрекет қылған. Бұзақылар қақпаны, ауладағы ағаш беседканы, қаза тапқан полиция қызметкерлеріне қойылған ескерткішті, полиция ғимараты маңындағы жарық шамдарын,терезелерді сындырған, қызметтік көлік пен сыртқы бейнебақылау камераларын қиратқан. Бейнебақылау камералары жазбаларын зерделеу нәтижесінде құқық қорғау органдары 16 азаматты қамады. Екі адам ізін суытып үлгерді, оларды іздестіру жарияланды. Сәтпаев қаласының полициясы әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274 бабы бойынша іс қозғады. Инстаграм желсінде жарияланған видеода жас жігіт мәлімдеме жасаған болатын. Ол видеода 5 жасар қыз бала зорланған күні көшеге шыққанын мойындайды. Бүгінгі күні сол оқиғаға қатысқаны үшін өзіне және ата-анасының үйіне полиция қызметкерлерінің келгенін, қорқытып отырғанын баяндайды.

«Ішкі істер бөлімінің жертөлесінде 50-60 адамды қамап отырсыздар. Оларды ата-аналары, отбасы күтіп отыр. Полиция бізді қорғай ма, әлде олардан қорқуымыз керек пе?Полиция бізге педофилді бермеді, ендеше Сәтбаев тұрғындарын өзімізге қайтарсын", - дейді жас жігіт.

https://www.instagram.com/tv/CDQMc6bF0fY/?igshid=1x4cfoirxu6uw

Инстаграмм желісіне жарияланған видео халықтың ашу-ызасын тудырды. Іле шала Сәтпаев қаласының прокуроры Төлеубек Рымбаев бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтінін айтып видео салды. Оның айтуынша ұсталған адам 50-60 емес, олардың саны - 16. Тағы екеуіне іздеу жарияланған. Олардың барлығына адвокат тағайындалған.

https://www.facebook.com/100014575532117/videos/pcb.899639327198577/899639030531940/  

Төлеубек Рымбаевтың айтуынша күдіктілерге ҚР ҚК үш бабы: "бұзақылық", " бөтеннің мүлкіне зиян келтіру" және "полиция қызметкерлеріне ауыр дене жарақатын келтіргені үшін" деген айып тағылған. Олар көшедегі бейнебақылау камералары арқылыанықталған.

«24 шілде күні түнде қалада бұзақылық, мүлікке қасақана зиян келтіру, полиция қызметкерлеріне ауыр дене жарақатын салу, олардың қызметіне кедергі жасау орын алды. Бұл ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша қылмыс болып табылады. Барлық фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 16 адам анықталып, ұсталды. Екі азаматқа іздеу жарияланды», - деп хабарлады Төлеубек Рымбаев.

Ал әлеуметтік желілерде тараған, 60 адамды полиция қамап, қинап жатыр деген ақпарат жалған деді прокурор.

«Қамалған 16 адамның барлығына адвокат тағайындалды. Прокурорлар тергеудің заңдылығын бақылауда ұстайды. Ролик авторы таратқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін ескере отырып полиция қылмыстық іс ашты. ҚР ҚК 274 - жалған ақпарат тарату бабы бойынша іс қозғалды», - деді қала прокуроры.

Прокурордың мәлімдемесінен кейін полиция қысым жасады деген жас жігіт басқа мәлімдеме жасады. Ол полиция бөлімінде өзінің қателескенін, ақпаратты анықтамай таратқанын мойындап видеода сөйледі. "Полиция ғимаратының жертөлесінде 50-60 адам қамалмаған екен" дейді автор. Енді жас жігіт халықты дүрліктіріп, тексерілмеген ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

(Екінші видеода) Осы ақпараттан кейін, ютубта жаңа видео пайда болды. Онда Сәтпаев тұрғыны өзін Жезқазған қаласының Ішкі істер бөлімі қызметкерлері ұрып-соққанын баяндайды. Екі бүйрегіне, басына тиген жарақаттарды, көгерген тұстарын видеода көрсетеді.

"Маған полицейлерді"кәпір" деп айттың деп айып тағып отыр. Егер мен өзіме өзім қол жұмсасам оған полицейлер кінәлі"-дейді азамат.

https://www.youtube.com/watch?v=44sjct38jNU&feature=youtu.be

Осыдан үш жыл бұрын, дәл 23 шілдеде Сәтпаев қаласында осында 5 жасар қыз бала зорланды. Ол бала бес уақыт намазын қаза қылмаған отбасының бүлдіршіні деген дерек бар. Кейін ол отбасы қаладан көшіп кеткен. Қыз баланы зорлаған педофилді ұрған полицей жұмыстан шығарылып, оны видеоға түсіріп таратқан қызметкер сөгіс алған болатын.

Ләззат Қожахметова,

Қарағанды облысы