Ресейдің Қазақстанмен шектесетін шекаралас өңірінде құс тұмауы тіркелді
Ресейдің Қазақстанмен шектесетін шекаралас өңірінде құс тұмауы тіркелді
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанмен шектесетін Челябі облысында құс тұмауы анықталды. Бұл туралы Россельхознадзордың аймақтық басқармасы хабарлады. Қазір онда қауіпті аурудың таралуын болдырмау үшін барлық шаралар қабылдануда.
Увельский ауданының Песчаное және Табынша көлдерінің жағасынан табылған құстардың өлексесі (1 жабайы үйрек, 2 үй үйрегі және 2 үй қазысы) зерттелді. Барлық үлгілерде құс тұмауы вирусының H5N8 кіші түрінен материалдар анықталды. Осыған байланысты аталған елді-мекендерде құстарды санақтан өткізу жүргізілді. Осы көлдердің жанында орналасқан қолайсыз елді-мекендердің аумағында карантин белгіленді, эпизоотиялық ошақтар мен қауіпті аймақтар анықталды. Шаралар құс тұмауымен күрес ережелеріне сәйкес қолайсыз аймақтарда жүргізілуде, - деп хабарлады министрлік.