Қостанай облысында карантин кезінде демалыс күндері мобильді топтар рейд жүргізді, деп хабарлайды Қостанай облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. 5 шілде мен 2 тамызы аралығында 2 153 нысанды тексерілген. Оның ішінде 147 объект санитарлық-дезинфекциялық режимді бұзған. Оларға 7 195 020 теңге сомасына 147 айыппұл салынды, 1 іс сотқа жіберілді.
«Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандары дәріханаларға да мониторинг жүргізеді. 128 нысан тексеріліп, 26 дәріхана заң бұзғаны анықталды. 4 382 295 теңге болатын 26 айыппұл салынды. 95 азық-түлік дүкені, 5 жанармай стансасы, 2 шаштараз, 2 тұрмыстық техника дүкені, 3 қоғамдық көлік, 3 шина жөндеу пункті, 1 асхана, 3 кафе, 3 авто және а/ш қосалқы бөлшектері дүкені,1 ТҚС карантин талаптарын сақтамаған. Жітіқара ауданында карантин белгіленген уақыттан бері «Гүлдер» дүкенінің жұмыс істегені анықталды», - делінген хабарламада.Сонымен қатар Ә.Жангелдин ауданында үш ауылдық округте қыз ұзату, беташар рәсімдері өткізілген. Жеке тұлғаларға 41 600 мөлшерінде айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстары жалғастырылуда.