Әлеуметтік жобаны аяқтады
Әлеуметтік жобаны аяқтады
160
оқылды
­­­Көпірді ашудың сал­та­­натты шарасына Батыс Қазақстан об­лы­сының әкімі бастаған БҚО жетекшілігі, КПО компаниясы мен мердігерлік ұйымдар қыз­меткерлері, сонымен қатар Орал қаласының тұрғындары қатысты. КПО бас директорының орын­басары Габриеле Джиона: «Өндірістік қыз­­­­­метін жүргізу бары­сында КПО компаниясы Қарашығанақ кен орнын игеруден Қазақстан Рес­публикасының эко­но­ми­касына, жергілікті ха­лық пайдасына және КПО-ның акцио­нер компанияларына тү­сетін қайтарымның ба­рын­ша жо­ғары болуы үшін бар күшін салады. Өткен екі онжылдық ішінде КПО өңірде бірқатар ірі жобаларды әр жыл сайын жүзеге асырып келеді. Бұл жобалардың сәтті орындалуы КПО, БҚО және «PSA» ЖШС өкілетті органы арасында қалыптасқан тиімді серіктестік және табысты қа­тынастар арқасында мүм­кін болды. Бүгінге де­йін өңірдің әлеу­меттік инфра­құрылымның дамуына КПО компаниясы салған инвестициялардың жал­пы көлемі 416 миллион АҚШ дол­ларына жетті. Бұған қоса, КПО әлеуметтік жобаларды жү­зеге асы­ру шеңберіндегі құ­­рылыс жұ­мыстарының бар­лық кезеңдеріне жергі­­­лік­ті компаниялар ғана жұ­­­­­мыл­­­дырылады», – деп айтып өтті. «Аталмыш жоба – КПО ком­паниясының биылғы ең негізгі әлеуметтік-инфра­құрылымдық жоба­ларының бірі. Көпірді қай­та құру және пайдалануға беру жұмыс­тарын мерзімінен бұ­рын аяқтау Орал қаласы кө­лік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін едәуір арттырады», – деп қосты Г.Джиона. Қайта құрылған көпір 1978 жы­лы салынған жә­не со­дан бері бірде-бір рет күр­делі жөнделмеген. Осы­ған бай­ла­нысты, осы жоба Орал қа­ла­­сында темір­жол мен көлік жолдары үстінен көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жыл бойғы қауіпсіз және үздіксіз екі бағыттық қозғалысының мүм­­кіндігін қамтамасыз ету­ді көздеді. Жобаны орындау бары­сында қолданыста болған өтпежол қайта құрылды. Бұл үшін көпірдегі жол бойының ескі төсемін түгелдей алып тастау және теміржолдар үстімен жаңа өтпежолды салу қа­жет болды. Сонымен қатар кө­галдандыру және іргелес ау­мақты абаттандыру жұмыстары да өткізілді. Өтпежолы бар көпір өтке­лі­нің жалпы ұзындығы – 988 м. Қайта құру жұмыстары мерзімнен бұрын және ма­құлданған бюд­жет шең­бе­рінде орындалды. Жүр­гізілген барлық жұ­мыс­тар еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау ережелері мен талаптарын бұзу­сыз өтті.  

Арман ҚҰСАЙЫНОВ Орал, Батыс Қазақстан облысы