Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Праймериз қоғамға қандай өзгеріс әкеледі?

«Nur Otan» партиясы жақтас­та­рының zoom-конференция­сын­да елдегі саяси, экономикалық, әлеу­меттік проблемалар талқы­ланды. 

«Айқын» ақпарат
Тамыз 4, 2020
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
Primeriz
55
қаралым

Онлайн конференцияда еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай мен «Nur Otan» партиясының праймеризі қо­ғам­да эволюциялық өзгерістер жасаудың бағыт-бағдары талқыланды. Жиынға «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей қатысты. Оның ай­туынша, еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдайды жақсарту, экономиканы да­мыту үшін әрбір азаматтың ұсыныс-пі­кірі, тың бастамасы өте өзекті. Елдің ер­теңі үшін, қоғамның дамуына атса­лы­сатын жастарға «Nur Otan» пар­тия­сының праймеризіне белсенді қаты­суға мүмкіндік беріліп отыр.

Елдегі ахуал мен праймеризді өт­кізу мәселесін Талдықорған қаласынан қатыс­қан блогер Дана Ерікқызы, Ш.Кұдайбердіұлы атындағы мектеп ди­ректоры,  тарих ғылымдарының кан­ди­даты Әділ Сайлаубек, Uzym.kz сай­ты­ның бас редакторы, Nur.kz-тің жур­налисі, блогер, медиа-волонтер Әлия Әбсеметова, Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік университеті Гуманитариялық факультетінің де­каны, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Төлемісов және тағы бас­қалар жан-жақты талқылады. Кон­фе­ренцияны белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров жүргізді. Онлайн форматтағы жиында алда өтетін праймеризде ай­мақтарда қамтылатын мәселелер тал­қыланды.

 

Партияішілік праймериз екі мақсатты көздеді

Nur Otan мақсаты: барлық жастар колледжде тегін оқиды!

«Nur Otan» партиясы атынан праймеризге қатысушы өзін ҚХП қатарынан алып тастауды сұрады

Праймериз – жастарға берілген мүмкіндік

«Nur Otan» партиясы жақ­тастары­ның zoom-конференциясында Ш. Кұ­дайбердіұлы атындағы мектеп ди­ректоры,  тарих ғылымдарының канди­даты Әділ Сайлаубек «Nur Otan» пар­тиясының праймеризі елімізде эволю­циялық өзгерістер жасауға бағыт-бағ­дар бола алуы керек деген пікірін біл­дірді.

Оның айтуынша, елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсарту үшін жас­тардың қоғам өміріне ықпалын арт­тыру өте маңызды. Себебі білімді, бір­н­еше шет тілін меңгерген жастардың әлеуетін әлі де толық пайдалана алмай отыр­мыз. «Жергілікті жерлерде жас­тар­дың үлесі аз. Шығыс Қазақстан  об­лысы бойынша зерттеу жүргізіп, жас­тардың қоғамды дамытуға үлес қосу­ға ықпалын анықтадық. Байқа­ғанымыз, аймақта әлі де жасы келген ше­неуніктер жастарға мүмкіндік бер­мейді. Әкімдер әлеуметтік желіде істе­ген жұмысын жарнамалаймын деп,  ке­рісінше халықтан алыстап кеткендей көрінеді. Олардың қағаз жүзіндегі есеп-қисабы іс жүзінде орындалғанына ел күмәнмен қарайды. Дұрысында, сенбейді», – деді ол.

Содан кейін айрықша назар ау­дара­тын мәселе – жергілікті жерде әкім­қаралар халыққа адал қызмет ететін азаматтардың алдын орап кетеді. «Біз осы мәселенің мәнісін түбегейлі зерт­тегеніміз жөн. Бұл мәселе, әсіресе ай­мақ­тарда өте өзекті. Идеясын айтып, жаңа жобаны іске асырамын деген жас­тарды уақыт өте мүлдем таппай қаламыз. Себебі халық үшін қызмет ете­мін дейтін жастардың тауы шағы­лып, қасаң қағидамен жүретін жүйеден көңілі қалған. Сондықтан тәуелсіз ой­лайтын жастардың пікірімен санасып, озық идеяларды қоғамда пайдалана білуіміз керек деп ойлаймын», – деді Әділ Сайлаубек.

 


Кез келген мәселе ашық талқыланып,
шешімін табуы тиіс

«Nur Otan» партиясы жақтас­тары­ның zoom-конференциясында Uzym.kz сайтының бас редакторы, Nur.kz сай­тының журналисі, блогер, медиа-волонтер Әлия Әбсеметова мемлекет сая­сатын нәтижелі жүзеге асыруда қо­­ғамның барлық мүшесі белсенді ат­са­лысуы қажет деген ойымен бөлісті.

«Ең бірінші халықпен тікелей бай­ланыс орнатуды жүйелеген жөн. Кері бай­ланыс орнатудың маңызы зор. Се­бе­бі қазір ел ішінде жергілікті халық проб­лемасын әлеуметтік желі арқылы жеткізеді. Жанайқайына жаппай халық назар аударса ғана шешілетініне көзі же­тіп отыр. Жергілікті шенеуніктерге арыз-шағымын айтып барса, шенеу­ніктер қарапайым тұрғындардың проб­лемасына салғырт қарайды. Әр ауыл, ай­мақтың проблемалары қордаланып, уақытылы шешімін таппаған соң жи­на­лып қоғамда дау-дамай тудырады. Жер­гілікті шенеуніктердің салғырт­тығы, ауыл тұрғындарының проблема­сына немқұрайды қарауы халықты ашу-ызасын келтіреді.  

Сондықтан елдің айтарын тыңдап қа­на қоймай, оның проблемасын ше­шуде кері байланыстың жолдарын жетілдіру керек. Белгілі бір мәселенің ше­шімін тапқанына ел соңына дейін көз жеткізбесе, сенбейді», – деді Әлия Әбсеметова.

Оның айтуына  қарағанда, партия­ның праймеризі туралы Жетісу жас­тары әлеуметтік желіден біліп, хабардар болып жатыр. Қоғамдағы кез келген проб­лемаға бейжай қарауға болмайды. Әрбір мәселе дер уақытында, уәде бер­ген кезінде шешілсе, елдің жергі­лікті билікке деген сенімі артады. Сол үшін елі­міздегі саяси, әлеуметтік, экономи­калық өзгерістерге әрбір азамат өз пікірін айтып, үлесін қосуы керек.

«Алдағы уақытта өтетін «Nur Otan» партиясының праймеризі халықтың тұр­мысын түзейтін қозғаушы күшке ай­налса, біз мақсатқа бірге жетеміз. Қыруар қаржы бөлініп, жүзеге аспай қалған жобаларды сыннан қорытынды шығарып, соңына дейін жеткізуге атсалысайық. Елдің тұрмысы түзелсе, әлеуетіміз артады. Экономиканың да­муына оң ықпал етеді. Халық үшін адал қыз­мет ететін жастарға мүмкіндік бе­рейік» деп ойын қорытындылады Әлия Әбсеметова.

 

Халыққа сөзі өтетін жастар
праймеризге қатысуы керек

Ал zoom-конференцияға Алматы об­лысы Талдықорған қаласынан қа­тыс­қан блогер Дана Ерікқызы прай­мериз­ге елмен етене жақын жұмыс іс­тей алатын, халық алдында беделді аза­маттардың қатысқаны жөн деген пікірін білдірді.

«Әрбір сөзін халыққа анық, ашық айтып, проблеманы жергілікті жерде: ауыл, аудан, қала, облыс деңгейінде ше­ше білетін әкімқаралар көп болуы тиіс. Қазір ел проблемасын әлеуметтік желі арқылы айтқанды жөн көреді. Се­бебі жергілікті басқарушы орган­дар­дың жұмысына ел сенбейді. Жұмысы көңіл көншітпейді. Аудан, қала, ауыл аймақта шешімін таппаған мәселе әлеуметтік желі арқылы басшыларға тез жетеді. Өйткені аймақтарда әкімнің қабылдауына барған адам оған проб­лемасын айтып, есігінен кіре алмайды. Сондықтан жергілікті шенеуніктер халықтың сенімінен шығуы үшін әлеу­меттік желінің де жұмысын жан-жақты мең­геруі тиіс. Праймеризге қатысып, елдің мұң-мұқтажын билікке жеткізуге ты­рысамын», – дейді блогер.

 

Аймақтарда халықпен тікелей жұмыс істейтін
мемлекеттік меке­ме­лер­дің 
жұмысын жандандыру қажет

«Nur Otan» партиясы жақтас­тары­ның zoom-конференциясында Жан­сүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік уни­верситетінің Гуманитариялық фа­культетінің деканы, тарих ғылым­дары­ның кандидаты Амангелді Төлемісов елімізде жүзеге асуы тиіс жобалар мен билік тарапынан берілген тапсыр­ма­лардың дер кезінде жүйелі орындалмай жататын себептеріне тоқталды.

Амангелді Төлемісовтің айтуынша, ха­лықпен тікелей жұмыс істейтін мем­лекеттік мекемелердің жұмысын жүйе­леп, реттеу керек. «Сол кезде ғана әлеу­­меттік, экономикалық пробле­ма­лар өздігінен, рет-ретімен шешіледі. Қазіргі уақытта «билік пен атқарушы органдар қайтсе халықтың сенімінен шығады» деген мәселені шешу жолда­рын жан-жақты қарастырған абзал. «Nur Otan» партиясы халықтың пар­тия­сына айналуы тиіс», – деді А.Төлемісов.

Амангелді Төлемісовтің ойынша, аймақтардағы халықпен етене жақын жұ­мыс істейтін мемлекеттік органдар­дың қызметі бәсекеге қабілетті болуы өте маңызды. Ол үшін жастарға мүм­кіндік көп. Праймеризде қоғамда қа­тып қалған сеңді бұза алатын, тың идея­ларымен елдің әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға жол бастайтын жастарға орын беруіміз керек. «Ұлтқа қыз­мет ету – білімнен емес, мінезден» деп Әлихан Бөкейхан текке айтқан жоқ. Жемқорлық жайлаған қоғамда өсіп, оқыған жастар қазір де сол жүйе­нің нақ ортасында жүр. Күрмеуі қиын мәселені шешуге жемқорлық кедергісін келтіреді. Азат ойлы жастардың аяғына тұсау салады. Сондықтан азат ойлы жас­тарға праймеризде мүмкіндік бер­ген дұрыс. Елдің ертеңі – жастарға се­нім артамыз. Ал жасы келген тәжіри­белі мамандар жастарға жол көрсетіп, келе­шек ұрпаққа жөн сілтеуі тиіс.

 

Майра ЖАНЫСБАЙ

 

 

 
Тегтер: zoom-конференцияӘлібек Әлденейпраймериз
Алдыңғы жаңалық

ХҚКО халыққа қызмет ете ме?

Келесі жаңалық

Атыраудың әкімі 5 миллиардқа жуық теңгені қалай үнемдегенін айтты

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 16, 2021
Ордабасы
Жаңалықтар

«Ордабасы» футбол клубының капитаны Пабло Фонтанеллоның  ұлы қазақша сөйледі – видео

Қаңтар 16, 2021
боксшы
Жаңалықтар

Ұлттар кубогінде Қазақстанның 2 боксшы қызы алтын алды

Қаңтар 16, 2021
Егде жастағы футболшылардың сыры
Спорт

Егде жастағы футболшылардың сыры

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 16, 13:42

«Ордабасы» футбол клубының капитаны Пабло Фонтанеллоның  ұлы қазақша сөйледі – видео

Қаңтар 16, 13:05

Ұлттар кубогінде Қазақстанның 2 боксшы қызы алтын алды

Қаңтар 16, 12:36

Егде жастағы футболшылардың сыры

Қаңтар 16, 12:30

Қатты жел әбігерге түсірді

Қаңтар 16, 12:00

Нұр-Сұлтанда 4 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 11:49

Ақмолада донор жетіспейді

Қаңтар 16, 11:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ауыл

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 16, 2021
Ордабасы

«Ордабасы» футбол клубының капитаны Пабло Фонтанеллоның  ұлы қазақша сөйледі – видео

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»