Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Бизнесті жөн-жосықсыз тексеруге жол жоқ

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 25, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Басты жаңалықтар
Бизнесті жөн-жосықсыз тексеруге жол жоқ
89
қаралым

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий жариялап, компанияларды үш жыл мерзімге салық төлеуден босатты. Президенттің шешімі бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бірақ бизнес бақылаусыз қалмайды.

Тоқаев былтыр қыркүйекте ха­лыққа арнаған Жолдауында биз­неске қатысты рейдерлік әрекеттер жиі­леп кеткенін айтқан-ды.

«Бұл мәселе жөніндегі ұстаны­мым белгілі: бизнестің, әсіресе ша­ғын және орта бизнестің дамуына ке­дергі келтіретін әрекеттер мем­­­­ле­кетке қарсы қылмыс деп та­нылуы тиіс», – деген еді Прези­дент. Енді биыл күшіне енген мо­­ра­торий әкімшілік жүктемені азай­­тып, бизнес-ортаның тұрақ­ты­­лығын қамтамасыз етуге жә­не бә­секелестікті арттыруға жағ­дай жасамақ. Қаржы министрі Әли­хан Смайылов мораторийдан ел қазынасына түсетін қаражат қан­­­­шалықты азаятынын есептеп үл­геріпті. Министрлік 1 жылда 200 млрд, үш жылда 600 млрд теңгеден қағылғалы тұр.

Телерадиокешеннің жұмысымен танысты

Тәуелсіздікке 30 жыл: Қазақстанда қандай шаралар атқарылады?

Президент Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туысына көңіл айтты

Негізі мұндай қадам Қазақ­стан үшін жаңалық емес. Бірін­ші мораторий 2003 жылы қабылдан­ған. Мынау – төртіншісі. Шенеу­нік­тердің ойынша, мораторийдің ар­қасында бақылау органдары тыр­нақ астынан кір іздеуін қояды екен. Алайда сарапшылардың са­насы сан-саққа жүгіріп отыр. Кей­бір мамандар елде бизнесті тек­серуге мораторий жариялау жүйе­сі дұрыс үйлестірілмеген деп са­найды. Дегенмен бір жақсысы, бұл мораторийдің мерзімі – үш жыл.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бү­гінде тексеру саны да, тексере­тін мекемелер саны да екі есе азай­ған. Әрине, бұл – дұрыс ше­шім. Өзі де кендірді жіпке жал­ғап күнелтетін кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз тергей берсек, биз­нестің ахуалын нашарлатып ала­мыз. Отандық өнім өндіру шек­теледі, жұмыссыздық кө­бейеді. Сондықтан әлеуметтік мә­селелер шие­ленісе түспесін десек, шағын биз­нестің шаруасына кедергі кел­тірмегеніміз абзал.

Ресми дерекке сүйенсек, тұр­ғын­дардың 30 пайыздан астамы шағын және орта бизнеспен айна­лы­сады. ШОБ-тың экономикадағы үлесі – 28,5% пайыз. Мемлекет «Ата­мекен» ҰКП-мен бірлесіп, атал­ған көрсеткішті 2025 жылға қа­рай 50 пайызға дейін жеткізуді көз­дейді.

Жалпы, бақылаушы орган­дар­дың заңды-заңсыз талаптарына біреу шыдайды, біреу шыдамайды. Мысалы, елімізде 1 млн 400 мың ша­ғын және орта кәсіпкерлік ны­саны тіркелген екен, қазір оның қаншасы жұмыс істейтінін еш­кім нақты білмейді. Өйткені бұл салада жұмысты бастау оңай, дөң­гелентіп әкету қиын. 2003, 2008, 2014 жылдары жарияланған мора­торийге қарамастан, кәсіпкерлерді орынсыз тексерген ұсақ шенеунік­тер де болыпты. Үкімет осы жолы ондай заңсыздықтарға тосқауыл қояр деп үміттенеміз.

Халық арасында бизнесті тек алып­сатарлықпен байланыс­тыра­тын жандардың қарасы қалың. Рес­публикалық кәсіпкерлерге кө­мек көрсету орталығының ди­рек­торы Дмитрий Казанцев қа­зақ бизнесінің абыройын сау­да, қонақүй мен қоғамдық та­мақ­тан­дыру саласы ғана жауып тұрға­нын айтады. Оның пікірінше, қа­зақстандықтар ақыл-ойды қа­жет ететін интеллектуалды биз­неске ат-тонын ала қашып, алып­са­тар­лықпен ғана шектеліп отыр.

Бизнес – мемлекеттің болаша­ғын айқындайтын, әлеуметтің әлеуе­тін жақсартатын бағыт. Қо­ғам­дық санада осындай көзқарас қа­лыптаспаса, қазақ бизнесінің тамырына қан жүгіруі неғайбіл. Біз осы деңгейге көтерілмейінше, мо­­ра­торий көсегемізді көгерт­пей­ді.

Кәсіпкерлер тексеруден ғана емес, салықтың кейбір түрлерінен де үш жылға босатылды. Бұл – биз­неске үш жыл ішінде 380 млрд тең­геден астам қаражат үнемдеуге және үнемделген қаражатты өз қыз­метін дамытуға салуына тап­тыр­мас мүмкіндік. Бірақ жер қой­науын пайдаланушыларға, акциз­дік өнім өндірушілерге, ойын биз­­­несіне, сыртқы экономикалық қыз­мет қатысушыларына мұндай жеңіл­дік берілмейді.

Әлбетте, таяқтың екінші ұшы да бар. Президенттің пәрмені кә­­­сіпкерлерді тұтынушылар ал­­­дын­­дағы жауапкершіліктен бо­­сатпауы керек. Қасым-Жо­март Тоқаевтың өзі «Біз бизне­сі­міз­дің біртұтастығына және заң­ға бағынатынына сенеміз. Мо­­раторий кезінде өз-өзін рет­теу және қоғамдық бақылау құ­рал­дарын жандандыру қажет» де­ді. Кәсіпкерлер Мемлекет бас­­шысының сеніміне селкеу тү­сірмесе екен дейміз. Бұл бір жа­ғы­нан кәсіпкерлердің әлеуметке адал­дығын да көрсетер еді. Ұзын сөз­дің қысқасы, олар уақыт оз­дыр­май, мораторийдің игілігін ба­рынша ұтымды пайдаланғаны жөн. Себебі үш жыл – кәсіпкердің етек-жеңін жинауына жеткілікті мерзім.

Айта кетейік, заң бойынша, 15 адам жұмыс істейтін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке немесе 76 млн теңгеге жетіп жығылатын ұйымдар микробизнеске жатады. Ал 100 адамға дейін жұмысшысы бар, жылдық табысы 300 АЕК-ке немесе 757 млн теңгеге дейін бара­тын кәсіпкерлер шағын бизнестің иесі саналады.

 

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

 
Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевқолдауқорғаумораторийшағын бизнес
Алдыңғы жаңалық

Жаңа реформаларға жол ашты

Келесі жаңалық

Түркияда күшті жер сілкінісі болды

Ұқсас жаңалықтар

Жан Кособуцкий
Жаңалықтар

Жан Кособуцкий 27 нокауты бар кубалық боксшымен кездеседі

Ақпан 25, 2021
22
Жаңалықтар

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды

Ақпан 24, 2021
Боран
Жаңалықтар

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жан Кособуцкий 27 нокауты бар кубалық боксшымен кездеседі

Ақпан 25, 00:19

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды

Ақпан 24, 23:58

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 23:22

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 22:43

Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді

Ақпан 24, 22:23

Instagram-да алаяқтар жүргізуші куәлігін сатып жүр

Ақпан 24, 21:45

Ермұхамет Ертісбаев: Қазақстанға төңкеріс керек пе?

Ақпан 24, 21:18
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жан Кособуцкий

Жан Кособуцкий 27 нокауты бар кубалық боксшымен кездеседі

Ақпан 25, 2021
22

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды

Ақпан 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»