Көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына 500 мың компьютер беріледі
Көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына 500 мың компьютер беріледі
Фото: Интернеттен алынды
«Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты күшейту керек. Қашықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек», – деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютерді беруді қамтамасыз етеді.
«Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын», – деді Асқар Мамин.