Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Атырауда дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қоры ашылды

Елімізде індетке қарсы дәрі-дәрмек тапшылығын көрген ай­мақтың бірі – Атырау облысы. Аймақта індет өршіген сәтте халықтың дәріханалардың ұзын кезегіне тұрып,  дәрі-дәрмегін таппай сенделгенін көрген жер­гілікті кәсіпкерлер алғашқы бо­лып халыққа көмек қолын созды. Ресейден әкелінген дәрі-дәр­мектер алғашқы қажеттілікті қамтамасыз ете алды. Бүгінде Мем­лекет басшысының Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес, Атырау өңірін дәрі-дәрмекпен қамту жолға қойылуда. Дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорының құрылуы, індет өршуі мүмкін деген күз-қыс айларында ай­мақта дәрі-дәрмектің жет­кілікті болуын қамтамасыз етеді деген үмітке жетелейді.

«Айқын» ақпарат
Тамыз 4, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
DARI-DARMEK KORI
33
қаралым

 

Атырауда «Атырау» ӘКК және дистри­бью­тор 40 аталымды дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорын құру туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ «СҚ Фармация»-дан дәрілік заттар апта сайын үздіксіз жеткізілетін болады.

– Атырау облысының әкімдігі және «Атырау» ӘКК-мен бірлесіп тұрақтандыру қоры құрылды. Осы мақсатта жыл соңына дейін 4 миллион 800 мың қаптама болатын дәрілік зат пен медициналық бұйым сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді. Оның тоғыз жүз мың қаптамасы төмендетілмейтін қалдықты құрайды. Бүгінгі таңда өңірдегі қоймаларға 240 миллион теңгеге 688 мың дана қаптама жеткізілді. Алғашқы жеткізілім жүк тасымалдау үшін  ұшақпен қамтамасыз еткен «ТШО» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Оның 50 миллион теңгелік дәрі-дәрмегі мен медициналық өнімі облыстың Индер, Құлсары аудан­дарына жіберіліп, ендігі кезекте жүк Құрман­ғазы ауданына да жөнелтілмек. Ал қалған аудандар дәрі-дәрмекпен жақын арада қамтамасыз етілетін болады, – деді «Атырау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Таханов.

Дәріханадағы дау

Қостанай облысында дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының жеткілікті болуын Nur Otan қадағалайды

Қазақстанда дәрі-дәрмек тағы да қымбаттады

Аймаққа жеткізілген дәрі-дәрмектердің қоры Атырау облысы әкімінің назарында тұр. Өткен апта соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрақтандыру қорының қоймасын қарап шықты.

Облыс әкімі бұдан былай дәрі-дәр­мектер мен басқа да медициналық мақсат­тағы бұйымдарды жеткізу тұрақты түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.

– Біздің басты міндетіміз  – азамат­тардың денсаулығын сақтау.  Қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу, дәрі-дәрмек­тердің мол қорын құру, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Жалпы,  Атырау облысының дәрі­ханаларына соңғы үш аптада 100 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Жуырда 40 тонна аса қажетті дәрі-дәрмек жеткізілетіні де мәлім болып отыр.

Бұған дейін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасына сәйкес құны 30 миллион теңгені құрайтын, дәрігер рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер облыс халқының әлеуметтік аз қамтылған топтарына тегін таратылған болатын.

Дәрі-дәрмектер Атырау қаласы мен облыстың жеті ауданындағы 3 мың  отба­сына тегін таратылды. Отыз түрлі дәрі-дәрмек салынған пакетті таратып, жеткізуге елуге жуық авто-ерікті мен «Jаs Оtan» Жас­тар қанатының еріктілері қатысты. Қажетті дәрі-дәрмектер салынған пакеттер әлеу­меттік аз қамтылған 7 категорияға берілді. Атап айтқанда, аса мұқтаж жандарға, көп­балалы және табысы аз отбасыларға, бірін­ші топ мүмкіндігі шектеулі жандарға, ерек-ше балалары бар отбасылар, төмен зей­нет­ақы алатын және әлеуметтік аз қам­тылған топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, тыл еңбеккерлері мен Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар мен оларға теңесті­рілгендерге берілді. Бүгінде тұрғындардың дәрі іздеп дәріханалар алдында кезекке тұруы байқалмайды. Бірақ бұл да жергілікті тұрғындардың дәрі-дәр­мекке деген сұранысы біржолата шешімін тапты дегенді білдірмейді. Сондықтан дәрі-дәр­мек қорын толық­тыруда жергілікті атқарушы билік мәселені оң шешуді қолға алды. Бұл алдағы күз-қыс айларында халық­ты аман сақтап қалудың алғышарты екені  сөзсіз.

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 

 

 
Тегтер: дәрі-дәрмекдәріханатұрақтандыру қоры
Алдыңғы жаңалық

Министрлік 42 500 теңгенің нақты қанша адамға аударылғанын айтты

Келесі жаңалық

Қордай қақтығысы: Сапарбаев тәртіпсіздікке қатысқандардың туыстарымен кездесті

Ұқсас жаңалықтар

облыс
Жаңалықтар

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 2021
рэп
Мәдениет

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 2021
домен
Әлеумет

Қайтқан доменнен қайыр бар ма?

Қаңтар 23, 2021
фильм
Мәдениет

Сыйлық тұр, сияпат жоқ

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 09:52

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 09:30

Қайтқан доменнен қайыр бар ма?

Қаңтар 23, 09:00

Сыйлық тұр, сияпат жоқ

Қаңтар 23, 08:40

«Фанерасыз» ән қайда?!

Қаңтар 23, 08:20

Дәріханадағы дау

Қаңтар 23, 08:00

Жалақы жыры тағы басталды

Қаңтар 23, 07:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

облыс

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 2021
рэп

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»