Сүт фермалары ашылып жатыр
Сүт фермалары ашылып жатыр
321
оқылды
«Бұған дейін хабарлаға­нымыздай, Ауыл шаруашылығы министрлігіне сүт өнімдері импортын алмастыру жөнінде үлкен міндет жүктелген. Осы жос­пардың аясында ми­нистр­лік жыл сайын 25 өнер­кәсіптік сүт фермасын пай­да­лануға беру үшін бел­сенді жұмыс жүр­гізіп келеді», – делінген хабар­ламада. Алты айда іске қосылған 6 фер­маның бесеуі Алматы облысында орналасқан. Біреуі Түркістан облысында ашылды. Министрлік дерегіне сүйенсек, үшінші тоқ­санда – 5, төртінші тоқсанда 11 сүт фермасы ашылмақ. Ол фер­­малар Павлодар, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан және Батыс Қа­зақстан облыстарында іске қосылады. Айта кетерлігі, Ауыл ша­руа­­шылығы министрлігінің баста­масы бойынша Индустрия және инфра-құрылымдық даму министрлігі сүт тауарлы фермасы құрылысы жобаларына сараптама жүргізу рәсімін жеңілдетті. Нәти­жесінде, елімізде сүт ферма­лары­ның құ­ры­лысы жедел жүре бастады. Сүт фермаларының көбеюі қосымша жұмыс орнының ашылуына ықпал етеді. Ең бас­тысы, ақ молайып, халық эколо­гиялық таза тағаммен қамтамасыз етіледі.  

А.БЕГІМ