«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ауыл шаруашылығы министрлігіне сүт өнімдері импортын алмастыру жөнінде үлкен міндет жүктелген. Осы жоспардың аясында министрлік жыл сайын 25 өнеркәсіптік сүт фермасын пайдалануға беру үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді», – делінген хабарламада. Алты айда іске қосылған 6 ферманың бесеуі Алматы облысында орналасқан. Біреуі Түркістан облысында ашылды. Министрлік дерегіне сүйенсек, үшінші тоқсанда – 5, төртінші тоқсанда 11 сүт фермасы ашылмақ. Ол фермалар Павлодар, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында іске қосылады. Айта кетерлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша Индустрия және инфра-құрылымдық даму министрлігі сүт тауарлы фермасы құрылысы жобаларына сараптама жүргізу рәсімін жеңілдетті. Нәтижесінде, елімізде сүт фермаларының құрылысы жедел жүре бастады. Сүт фермаларының көбеюі қосымша жұмыс орнының ашылуына ықпал етеді. Ең бастысы, ақ молайып, халық экологиялық таза тағаммен қамтамасыз етіледі.
А.БЕГІМ