«Маска тақпаса да болады» – Цой кімдерге рұқсат екенін айтты
«Маска тақпаса да болады» – Цой кімдерге рұқсат екенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
178
оқылды
«Қоғамдық орында, халық жиналатын, қызмет көрсететін және демалатын ғимараттарда, қоғамдық көлікте, даладағы қоғамдық орындарда маска тағу міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға, әлеуметтік ара қашықтық сақталған жағдайда 5 адамға дейін спортпен топтық және жеке айналысқан тұлғаларға, денсаулығына байланысты таға алмайтын тұлғаларға маска тақпауға болады», – деді Алексей Цой.
Сонымен қатар ол даладағы қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік арақашықтық сақталған кезде маска тақпауға болатынын айтты.
«Маска тағу қоғамда пайдалы дағдыға айналуы тиіс. Өкінішке қарай, бүгінде бұл уақытша болса да аса қажеттілік болып отыр. Осылайша, міндетті маска режимін қамтамасыз ету аурудың таралу қарқынын төмендету үшін қосымша факторға айналады. Өйткені маска таққан кезде халық арасында инфекцияның таралуы азаяды. Санитарлық талаптардың күшейтілуінің арқасында соңғы 4 аптада барлық өңірде халықтың ауруға шалдығу деңгейінің айтарлықтай төмендегендігін атап өткім келеді. Орташа есеппен алғанда ауруға шалдығу 1,5 есе төмендеді», – деді министр.