Жаңа оқу жылында телесабақтар қай телеарнадан көрсетіледі?
Жаңа оқу жылында телесабақтар қай телеарнадан көрсетіледі?
Фото: Интернеттен алынды
163
оқылды
«Көктемдегі тәжірбеге сәйкес біз телесабақтар да әзірленуде. Телесабақтар өте қолжетімді құрал. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде. Теледидар сабақтары «Әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып, оқушылар үшін тегін әрі қолжетімді болады», – деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп осы арналармен қамтылу картасы дайындалды. Соның негізінде 604 елдімекенде осы каналдарға қол жетпейтіні анықталды. Бірақ оның 314-інде ғана оқушы бар. Бұл мәселе жергілікті телеарналарға ретрансляциялау, спутниктік антенналар орнату арқылы шешіледі. Сонымен қатар ол оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Оқулықтардың электронды нұсқасы оқушылар мен мұғалімдерге QR-кодтар арқылы қолжетімді болады.