35 әскери қызметші разрядқа ие болады
35 әскери қызметші разрядқа ие болады

Қорғаныс министрлігіне қарасты АОСК таулы дайындық орталығының базасында таулы дайындық нұсқаушыларының, альпі бөлімшелерінің келісімшарт бойынша офицерлері мен әскери қызметшілерінің оқуы өтуде. Мұнда бір ай бойы 35 әскери қызметші 133 сағат теориялық және практикалық дайын­дықтан өтеді.

Оқу базасына Бас штабтың бастығы Мұрат Бектанов барды. Ол сабақтардың өткізілу барысын тексеріп, әскери альпинистердің дайындық деңгейіне жоғары баға берді. Сондай-ақ генерал-майор М.Бектанов, майор Аманжол Рах­ме­тов, капитан Мақсұт Жұ­маев және аға лейтенант Васи­лий Пив­цов­пен кездесіп, қойылған тап­сыр­­маларды орындаудаға кәсіп­қой­лық пен жеделдік үшін алғыс сөз­дерін білдірді. Кеше ғана әске­ри альпинистер Қырғыз­стан­дағы Же­ңіс шыңында жоғалған қазақ­стан­дық­тарды іздестіру бойынша опера­циядан оралды.

Әскери қызметшілер іздестіру-құтқару жұмыстары тәжірибесімен бөліседі және таулардағы штаттан тыс жағдайларға әзірліктерін арт­ты­­ру үшін шеберлік сағаттарын өт­­­кізеді. Дайындықтың алғашқы цик­­лі аяқталысымен оқып-үйре­ну­шілерге альпинизмнен «Қазақ­стан Республикасының альпи­нис­ті» бел­гісі бар 3-спорт­тық разряд бері­ле­ді.