«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы өтті
«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы өтті
188
оқылды
Төрт айдан астам уақыт аяғынан тік тұрып, әрбір өмірге араша түсуде ерекше, қажырлы еңбек етіп келе жатқан дәрігерлерге  қандай құрмет көрсетсе де жарасады.
Қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған алғыс қораптарын «Jas Otan» Жастар қанаты Түркістан облысық филиалы және «Жастар ресурстық орталығы» волонтерлері Түркістан қалалық орталық ауруханасының қызметкерлеріне табыстады. Іс-шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының орынбасары Қалима Жантөреева партия тарапынан дәрігерлерге алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Жылы көңіл мен ыстық ілтипатқа бөленген ақ желеңді абзал жандар партияға, жастарға алғысын жеткізді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ